Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның бас мүфтиі Бердібек Сапарбаевқа ерекше тұмар сыйлады

Ақтөбеде Мәуліт мерекесі аталып өтті. «Қоныс» спорт сарайында ұйымдастырылған діни мерекеге адам көп жиналды. Биыл бұл мерекені еліміз бойынша Ақтөбе бірінші болып тойлады.

Фото:nmu.kz

Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы келіп, құттықтау сөзін арнады. Ол Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының сыйлығын арнайы ала келгенін айтты, деп хабарлайды aktobenews.kz.

«Елбасының бастамасымен салынған «Әзірет Сұлтан» мешітіне биыл бес жыл. Біздегі халықаралық деңгейдегі сыйлық жасайтын орынның қолдауымен осы бес жылдық мерекеге кабинете тұратын бойтұмар іспетті сыйлық жасалды. Осыны облыс әкімі Бердібек Машбекұлына бергіміз келеді. Тәуелсіз еліміздің ширек ғасырдан астам белесінде түрлі салада жеткен жетістігімізге сіздің белсенді қызметтеріңіздің, тарихи ізгі шараларыңыздың қолтаңбасы жатқаны даусыз. Ақтөбе медресе колледжінің облыс орталығына көшіру бастамасына қолдау көрсетіп, еліміздің діни, оқу ағарту саласына қосқан үлесіңізге Алла мол сауаптан жазсын», — деді Қазақстан мұсылмандар қоғамы діни басқармасының наиб мүфтиі Серікбай қажы Сатыбалды.

Еліміздегі ең үлкен мешіттердің бірін басқарып отырған имам жастарға ислам дінінің еркіндігін дұрыс түсіну керектігін айтты.

«Дін өте нәзік дүние. Дінге бет бұрып келе жатқан азаматтарымыз кезеңімен Алланы біліп, оның елшісін таниды. Біздікі дұрыс, басқалардікі бұрыс деушілер адасқан топтар. Адамдарға төрелік етуге ешкімнің де хақысы жоқ. Дініміздің еркіндігі, дініміздің кеңдігі сонда. Дінге бетбұрушылар саны күннен күнге артып келеді. Біздің жастарға айтарымыз, сіздер елдің болашығысыңдар. Ислам діні мейірімділіктің, ізгіліктің діні. Мына қоғамда біз жауапкершілікті сезіне алуымыз керек. Өзі көрген жақсылықты өзгеге лайықты деп көре алған адам, бойында сараңдық болмаған адам нағыз мұсылман»,— деді Серікбай қажы Сатыбалды.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстанда көлікті тіркеу ережесі өзгерді

Екі қазақ жігіті Голливуд төрінде тұрып қазақтың күйін шертті (видео)

ОҚО тұрғыны ерекше жаралған жылқысын 2 млн теңгеге саудалап отыр

Талқылау