Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар ерекше көлік нөмірін алу үшін 700 мың теңге төлейді

2017 жылдың 27 қарашасынан бастап 2014 жылдың 2 желтоқсанында қабылданған транспорт құралдарының мемлекеттік нөмірін тіркеу ережесіне толықтырулар мен өзгерістер енізіледі.

 

Қазақстанда көлікті ресми дилерден алған жағдайда алғаш рет тіркеу кезінде тексеруден өткізу талабы алынып тасталады.

Сондай-ақ, автомобиль иесінің тегі, аты және әкесінің аты өзгертілген жағдайда, көлік құралын тіркеу туралы куәліктің көшірмесі өзгертіліп ауыстырылады.

Соңғы өзгерістерге сәйкес, көлік иесі мемлекеттік нөмірді тіркеу кезінде сұранысқа ие нөмір алатын болса, әріп ұқсастықтарын өзі таңдай алады. Алайда тек үш бірдей әріпті таңдай алмайды. Бұл өзгеріс 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі.

ІІМ таңдауға болатын мемлекеттік нөмірлерді онлайн жүйе арқылы көру қызметін қоспақ. Осылайша жүргізушілер көлік нөмірінің әрпін таңдап, алдын ала тапсырыс бере алады.

Тағы да оқыңыз:

Жас кезіндегі суретін көрсеткен Сәкен Майғазиев жұртты күлкіге қарық қылды

Димаш Құдайбергеннің әжесіне арнаған тілегі көптің жүрегін елжіретті

Қазақтың көрнекті ақыны Мұзафар Әлімбаев өмірден озды

Талқылау