Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақтың көрнекті ақыны Мұзафар Әлімбаев өмірден озды

Қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстанның Халық жазушысы Мұзафар Әлімбаев бүгін 95 жасқа қараған шағында өмірден озды, – деп хабарлайды Stan.kz.

Мұзафар Әлімбаев 1923 жылы 29 қазанда Павлодар облысы Шарбақты ауданында дүниеге келген. 1952 жылы «Қарағанды жырлары» атауымен алғашқы кітабы басылып шықты. Ақын 200-ге жуық әннің сөзінің жазған. Сондай-ақ, 64 төл тума және аударма кітаптардың авторы. Мұзафар Әлімбаев шығармаларының өзектілігі мен құндылығы соншалық, оның еңбектері әлемнің 20 тіліне аударылған екен.

Мұзафар Әлімбаев балалар әдебиетіне де зор үлес қосқан. Ақын республикалық «Балдырған» журналында 30 жылға жуық уақыт бас редактор қызметін атқарған. Сонымен қатар қаламгер – Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері, Қазақстан Республикасы Әнұраны авторларының бірі.

Ақын Алматы қаласында қайтыс болды.

Оқи отырыңыз:

Жұрт алдына бояусыз шыққан Алла Пугачеваны көпшілік танымай қалды (фото)

Асхат Тарғын екінші рет әке атанды

Ақбота Сейітмағамбет: Дәурен хиджап киіп, үйде отырғанымды қалады

Бірнеше жылдан кейін жұрт алдына шыққан Нұрлан Өнербаевтың екі ұлы да өнерге қадам басты (фото, видео)

Талқылау