Ақбота Сейітмағамбет: Дәурен хиджап киіп, үйде отырғанымды қалады

Сенбі, 25 Қараша , 2017 18:24

Ақбота Сейітмағамбет пен Дәурен Айдарқұловтың махаббат хикаясы басталғалы ғашықтар көпшіліктің сынына ұшырап, жағымсыз пікрілердің астында қалған еді. Алайда шаңырақ құрған ғашықтардың қуанышы ұзаққа созылмады. Елдің сынынан шаршаған Ақбота Дәуренмен не себепті ажырасқандарын Тengrinews.kz  “The Эфир” бағдарламасында айтып берді.

Фото: 31 арнадан скриншот

Махаббаттары «Гламур для дур» фильмінің түсірілімнен басталған ғашықтар үйленіп, бала сүйіп те үлгерді. Алайда біраз уақыттан кейін жолдары екіге бөлінді. Көпшілікке бар шындықты ашып айтып, түсіністік тапқан Ақбота бұл жолы не себепті ажырасқандарын да жасырмады.

«Егер ол кісі отбасыға деген көзқарасын өзгертсе, неге қайтадан қосылмасқа? Білмедім, ол кісінің отбасыға деген көзқарасы басқашалау. Намаз оқитын, ұзын хиджап киіп, үйде отыратын әйелді көреді. Оның ойындағы әйел ешқайда шықпайтын, құрбыларымен араласпайтын болуы керек. Ал менің отбасыға деген өмірлік көзқарасым басқаша. Күйеуі де, әйелі де неге жұмыс істемеске?Неге басқалармен де араласпасқа? Неге бірге қол ұстасып көшеде жүрмеске? Ал ол кісінің ойы бойынша басқа. Сондықтан біз шамалы келіспей қалдық”, – деп ағынан жарылды Ақбота.

Бұл ретте әнші алдағы 2-3 жылда екінші рет тұрмысқа шықпайтынын айтып қалды.

“Ертең мысалға, ертең мен өмірлік серігімді тауып жатсам, балам мені қызғанып тұрмысқа шығармай қоюы мүмкін. Үлкен кісілер де бала есін білмей тұрған кезде тұрмысқа шығып кет деп ақыл-кеңесін айтып жатады”,- дейді әнші.

Бүгінде актрисалыққа бет бұрған Ақбота Сейітмағамбет өзіне продюсер іздеп жүрген көрінеді.

Оқи отырыңыз:

Бірнеше жылдан кейін жұрт алдына шыққан Нұрлан Өнербаевтың екі ұлы да өнерге қадам басты (фото, видео)

Шахизада жігітіне қатысты бар шындықты ашып айтты

Қыдырәлі Болманов Қазақстанда өнері үшін бірде-бір атақ алмағанын айтты

Мейрамбек Беспаев мақтан мен атақ үшін жұмыс істейтін әнші әріптестерін сынап тастады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Anonymous says:

    Айналайын қойшы…Сен тек көңілдес болдың.Сөзіңде берекет жоқ екен.Біз көнбейміз,ұлым екеміз ондайға,себебі тағы əйелдер мен жүріп кетті,алғашқы əйелдері көніп отырғандай деп,олардың балаларының да шамына тидің ғой! Қателеспе! ХИДЖАБ киіп ,үйде отыратын əйел керек болса сені таңдамас еді…

  • Anonymous says:

    Сондай кыз алмады ма онда, мына кыздын омирин куртпай.

  • Anonymous says:

    Осынын ак жыры битпеди-ау.Кимге улги,кимге онеге мунын омири.Мейли 10 байга тисин.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар