Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шахизада жігітіне қатысты бар шындықты ашып айтты

Бүгінде Шахизаданың жанынан жігіт көрсе, желідегілер жұптастырып үлгеретін көрінеді. Сондай-ақ, бейтаныс ер азаматтарды қасынан тастамайтын әнші, оқырмандарының санасын сан-саққа жүгіртіп жүргені тағы бар. Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген Шахизада, бұл жолы халық арасында жел ескен әңгіменің ақиқатын айтуға әзір.

ФОТО: Шахизада мен Бек Қалмырзаев

«Әдемі әйелдің қасында, әдемі әншінің қасында әдемі жігіттер жүру керек шығар деп ойлаймын. (күледі) Сондықтан, өнерде мен қыз-жігіт деп бөлмеймін. Әріптестерім деп айта аламын. Достарым деп айтамын. Шынын айтқанда кім не айтады менің шаруам жоқ», – дейді Шахизада.

Соңғы кездері Шахизада Бек есімді жігітпен көңіл жарастырды деген ақпарат тараған болатын. Бұл қауесеттен бикештің өзі де хабардар болып шықты. Алайда, көпшілік көкейіндегі сауалдарға Байпатшанова бұл жолы байыппен жауап беруге бекініп отыр. Сонда әншінің қасындағы сері кім?! Өнер иесінің өзі айтсын!

ФОТО: Шахизада мен Бек Қалмырзаев

«Мені көбірек Бекпен жұптастырады. Ол Бек Қалмырзаев деген актер негізі. Ал, дәл қазіргі таңда кәсіпкер. Бұрынғы арманы актер болу, осы өнерде жүру, әнші болуы арманы. Сол арманы енді қазір орындауға ниетті. Жас емес, 40-тан асса да, өнер жас талғамайды ғой. Сондықтан, Бектің бір ауыз тілегі бар еді. Шәке менімен дуэт орындауға қалай қарайсыз деді. Мен өнерін, достығын бағалап ұсынысын қабыл алдым», – дейді әнші.

Сондай-ақ, Шахизаданың қасында көп жүретін азаматтың бірі – Бауыржан Рахымбеков. Олардың арасында қандай қарым-қатынас бар?! Әншінің өзіне сұрап көрдік.

ФОТО: Шахизада мен Бауыржан Рахымбеков

«Ал, Бауыржан Рахымбековке келсек, онымен 10 жылдан бері екеуіміз доспыз. Ол Өскемен қаласында әнші болып жүрген кезде танысып, өнер ордасы Алматыға алып келіп, неге үлкен шаһарда өнеріңді көрсетпеске деп осында келуіне себепші болдым. Содан бері қатты араласамыз. Шығармашылығына қолымнан келгенше қаржылай да қолдау көрсетіп отырамын», – дейді Шахизада.

ФОТО: Шахизада , Бек Қалмырзаев пен Бауыржан Рахымбеков

Шахизада бұл әріптестерімен отбасылық дос ретінде де жиі жүздесіп тұрады екен. Тіпті, желіде талқыға түскен тақырыптан әнші жігіттердің жұбайлары да хабардар болса керек.

«Бауыржанның әйелі – Диляра деген өте әдемі актриса. Мені әпке деп жаны қалмайды. Келінім деп сыйласып тұрамыз. Біз туралы әңгіме болып жатқанын естіген сайын, жаңағы Диляра мені көргенде, мен оны көргенде күлеміз. (күледі) Өйткені, бәрі өтірік қой. Халықтың шулап, неше түрлі әңгімесі өтірік. Шындықты өзіміз білеміз ғой өйткені. Ешқандай ортамызда арам ой жоқ», – дейді Байпатшанова.

ФОТО: Бауыржан Рахымбеков пен жұбайы Диляра

Мұндай түрлі қауесеттің жүруіне әншінің жалғызбасты екені себеп болса керек. Өйткені, өнер иесі жігіттермен түскен суретін желіге жүктей қалса, оқырмандары түрлі сауалдардың астына алатын көрінеді.

«Ұзынқұлаққа дауа бар ма..? Мен енді жалғызбын, жалғызбасты әйелге әрине неше түрлі әңгіме жабыса береді ғой. Қасында жаңа, бөтен ер адам пайда болса, «Ойбай, мынау жігіті екен, бір жігітпен билей қалсаң да мынау сүйіктісі екен, мына жігітіңіздің аты кім?», – деген сияқты сұрақтар көп туады. Енді жалғыздық құдайға ғана жарасқан. Әумин деп айтайық, менің қасымда тіреу болатын, жалау болатын жігіт керек шығар. Сондай мақсатмен көпшілік айтатын шығар деп ойлаймын», – деп Шахизада бұл тақырыптың нүктесін қойды.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Оқи отырыңыз:

Қыдырәлі Болманов Қазақстанда өнері үшін бірде-бір атақ алмағанын айтты

Мейрамбек Беспаев мақтан мен атақ үшін жұмыс істейтін әнші әріптестерін сынап тастады

Қазақстанда Голливуд фильмдері түсірілуі мүмкін

Тұрсынбек Қабатов композитор болып хит әндер жаза бастады

Талқылау