Димаш Құдайбергеннің әжесіне арнаған тілегі көптің жүрегін елжіретті

Жексенбі, 26 Қараша , 2017 20:56

Бүгін 26 қараша Ресейдің мерекелік күнтізбесі бойынша  –  Ана күні. Десе де аталған мерекеге орай, тек ресейліктер емес, өзге де мемлекеттер халқы аналарын құттықтап жатыр. Олардың қатарында әнші Димаш Құдайберген де бар, – деп хабарлайды Stan.kz.

Димаш Құдайбергенді ата-әжесі отбасындағы тұңғыш немере ретінде бауырына басқан. Бүгінде ол ата-әжесін өз ата-анасы ретінде қабылдайды. Әнші Instagram  желісіндегі парақшасында әжесімен түскен суретін жариялап, 26 қараша Ана күнімен құттықтады.

«Аналар күні құтты болсын, мама! Барша аналарды құттықтай отырып, өз отбасыма, соның ішінде маматайыма осы күнге жеткізгеніңіз үшін алғыс білдіремін. Төрт-бес жасымнан бері мені өнерге баулып, өзінің аяғының ауыратынына қарамастан, күнде музыка мектебіне апаратын. Менің осы уақытқа дейінгі жеткен азды – көпті жетістіктерімнің басты себебі – өзіңізсіз. Мен дүниеге келгеннен кейін, педагогика саласында ерекше жетістіктері мен құрған мансабын мені бағу үшін тоқтатқан едіңіз. Əр баланың ізгі арманы –ананың үкілеген үмітін ақтап. батасын алу. Бірақ алдыңыздағы парызымыздың өтелуі мүмкін емес. Папа, екеуіңіз бақытты болыңыздар! Қатты жақсы көремін! Сағындым», – деп жазды әнші.

Өз кезегінде әншінің желідегі оқырмандары көзіне еріксіз жас келгенін айтты. Көпшілік Димаштай алтын ұлды бағып-қаққан анасын құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп жатты.

Оқи отырыңыз:

Қазақтың көрнекті ақыны Мұзафар Әлімбаев өмірден озды

Жұрт алдына бояусыз шыққан Алла Пугачеваны көпшілік танымай қалды (фото)

Асхат Тарғын екінші рет әке атанды

Ақбота Сейітмағамбет: Дәурен хиджап киіп, үйде отырғанымды қалады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар