Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның барлық қоғамдық орындарында тек қазақша музыкалар қою ұсынылды

Қоғамдық белсенділердің бірі Мұхтар Тайжан барлық қоғамдық орындарда: супермаркет, сауда үйлері, кинотеатр, мұз айдындары, стадиондарда тек қана қазақша музыкалар қосып қоюды ұсынды.

0_0_Medeo_skating_ rink

Осындай ұсынысын Фейсбук желісіне жазған ол, Астана әкімі Әсет Исекешевке өтініш білдіреді.

Тайжан тек ресейлік немесе шетелдік әуендерді ойнатып қою – бұл қазақ әндерін толыққанды құртуға бағытталған саясат деп есептейді.

“Бүкіл моллдарда, супермаркеттерде, жалпы халық жүретін түгел жерлерінде 80% кем емес қазақ əндерін қою керек. Бұндай арнайы заң қабылдау қажет! Қайда барсам да 80-90% қара көздер жүреді, ал музыканы – Ресейдің эстрадасынан қояды, неге? Не себеппен? Не саясат ол? Бұл адамды росс зомби қылу үшін істеп жатқан ба, əлде? Әсет Исекешев осы мәселеге назар аударыңыз”, – деп жазады ол.

Оқи отырыңыз:

Танымал адвокат “тіркелмегендігі” үшін салынатын айыппұлдан қалай құтылуға болатынын айтты

Өз әйелін зорлаған еркек 5 жылға шартты түрде сотталды

Таразда жұма намазға жиналған жұрт жергілікті тәртіп сақшыларымен жанжалдасып қалды

Ақмола облысында ұстаз оқушының мойнындағы православиелік алқаны шешіп тастады

Талқылау