Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның әуежайлары мен бекеттерінде намазхана қайта ашылуы мүмкін

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев дін жолында жүргендердің намазхананың жоқтығын айтып көп шағым түсіретінін мәлімдеді.

001038-vsa70C

Осыған орай министрлік еліміздегі әуежайлар мен вокзалдарда намазхана ашу мәселесін қарастыруда.

“Бұл мәселе соңғы кезде құлшылық жасаушылар арасында көп талқыланып жүр. Олар әуежайлар мен теміржол бекеттерінде, ойын-сауық орталықтарында намазхана болғанын қалайды. Біз дін жолындағы азаматтар мен өзге де тұрғындардың пікірін біліп, осы мәселені қарастырып жатырмыз”, – дейді Нұрлан Ермекбаев КТК арнасына берген сұхбатында.

Бұған дейін аталған орындарда намазхана болған. Алайда, 2011 жылы қабылданған “Дін істері және діни қауымдастық” заңына сәйкес алынып тасталды.

Дін істері министрлігі 2016 жылдың 13 қыркүйегінен бастап елбасының бұйрығымен құрылды.

Жіберіп алмаңыз:

Алматылық бойжеткен көлігімен полицейді қағып кетті (видео)

Тарихы мен дәстүрі: «Бастаңғы» бассыздыққа жол бастар ойын ба?

Қанның 9 түрлі көрсеткіші денсаулығыңыз жөнінде толық ақпарат береді

Талқылау