Қазақстанның 6 облысында үсік жүреді
26 мамырда Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, тек батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарында құбылмалы ауа райы сақталады, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерінде найзағайлы жауын жауады.

Республиканың кей жерлерінде тұман, шаңды дауыл соғып жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет. Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, желдің екпіні 15-20 м/с-ге күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, таңертең және күндіз Жамбыл, күндіз Алматы, Павлодар облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерде 3 градус үсік күтіледі. Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында өте жоғары өрт қауіпі бар.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"