Қазақстанның 18 миллионыншы тұрғынына 3 бөлмелі пәтер беріледі
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов еліміздің 18 миллионыншы өмірге келген жас отбасыға 3 бөлмелі пәтер берілетінін айтты. Облыс әкімі Талдықорғандағы Бестібаевтар отбасына арнайы барып құттықтап қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыс әкімі Баталов елбасының атынан нәрестеге арналған құрал-жабдықтар, атап айтқанда бесік, төсек, бесік арба, ойыншықтар секілді қажеттіліктерді сыйлады.
«Еліміздің он сегіз миллионыншы тұрғынының Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында дүниеге келгені – бәріміз үшін ерекше қуанышты оқиға. Демографиялық өсімінің жылдан жылға ұлғайып келе жатқаны халықтың Елбасымыздың салиқалы саясатына, Қазақстанның болашағына деген сенімінің зор екенін білдіреді. Жас ұрпақтың алаңсыз өсіп, білім алуына елімізде барлық жағдай жасалып келеді. Елбасының атынан, Жетісу жұртшылығының атынан осы айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймын. Кішкентай нәресте аман-сау өсіп, ер жетіп, елдің абыройлы азаматы болсын!» – дей келе облыс әкіммі қаладағы жаңа тұрғын үйден жас отбасына 3 бөлмелі пәтер берілетінін айтты.
Муслима есімді еліміздің 18 миллионыншы тұрғынының ата-әжесі Еркінбек Бестібаев пен Бибітай Жасыбаева елбасы мен облыс басшылығына алғысын айтты.
«Муслима – біздің жетінші немереміз. Біз ұл-қыздарымыз бен немерелерімізді елге қызмет ететін, мемлекетіміздің дамуына өз үлесін қосатын білікті азамат етіп тәрбиелеуге бар күш-жұмсайтын боламыз», – деді Бибітай апа.
Муслиманың анасы Диана Омарханова 1991 жылы өмірге келген. Ол қаладағы № 16 мектепте дефектолог болып жұмыс істейді. Әкесі Бестібаев Самат 1982 жылғы. Ол № 5 мектепте дене шынықтыру пәнінен сабақ береді.
Тағы да оқыңыз:
Екі жігіт бойжеткенді ауызашарға шақырып зорлап, видеоға түсірген
Шымкенттегі сыра зауытының бұрынғы қожайыны Тоқтар Төлешов қайта сотталатын болды
“Каzахи” КВН-нен жеңген қаржыны Нияз Сүндеталиевке беретін болды
Қарағандылық мүгедек жігіт өзіне жиналған ақшаны ауру балаларға берді