Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның жаңа бас мемлекеттік санитарлық дәрігері тағайындалды

Қазақстанның жаңа бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметіне Сархат Бейсенова тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Сархат Бейсенова Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметіне келді. 

Сархат Бейсенова 1972 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын, Тұран-Астана университетін бітірген.



Еңбек жолын1989 жылы Ақмола облыстық онкология диспансерінде санитар болып бастаған.

1996-1998 жылдары — Ақмола қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық станциясының дәрігер-эпидемиологы;

1998-1999 жылдары — Ақмола облыстық Ішкі істер басқармасының дәрігер-эпидемиологы;

1999-2002 жылдары — Астана қаласы Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы эпидемиологиялық бөлімінің дәрігер-эпидемиологы, меңгерушісі;

2002-2007 жылдары — Астана қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы;

2007-2009 жылдары — Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті директорының орынбасары – Астана қаласы бас санитарлық дәрігерінің орынбасары;

2009-2011 жылдары —  Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Астана қаласы бойынша департаменті директорының орынбасары;

2011-2014 жылдары —  Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Астана қаласы бойынша департаменті директоры;

2014-2015 жылдары — Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы;

2015-2017 жылдары — Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары;

2017-2019 жылдары — Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары;

2019-2020 жылдары — Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Астана қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары;

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы болды.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова қызметінен босатылған еді. 

Талқылау