Қазақстанның зейнетақы қоры 284,9 млрд теңге шығынға ұшыраған
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) тоғыз ай ішінде 284,9 миллиард теңге шығынға ұшырағанын хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Мұндай жағдай 2024 жылдың сәуір айынан бері болмаған. Негізгі себеп — қаржы нарықтарындағы сәтсіздіктер. Бағалы қағаздардың қайта бағалануы 252,1 миллиард теңге жоғалтуға әкелсе, сыртқы басқарушылардың жұмысы қосымша 120,2 миллиард теңге шығын әкелген.
DataHub сарапшылары мұны әлемдегі тұрақсыздықпен байланыстырады. Бұған Дональд Трамптың жаңа тарифтер енгіземін деп қорқытуы, АҚШ-та жұмыссыздық деңгейі төмендеуі, нарықтың күрт өзгеріске ұшырауы себеп болған дейді мамандар. Бұған қоса, теңге бағамы күтпеген жерден нығайып, қор тағы 52,9 миллиард теңге жоғалтты.
Бағалы қағаздар 139,9 миллиард теңге кіріс әкелгенімен, бұл жалпы жағдайды құтқара алмады.
Егер қарапайым сандармен айтсақ, Ұлттық банк басқаратын зейнетақы активтерінің (жалпы 22,3 триллион теңге) кірістілігі -1,25 пайызды құрады. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, қаңтар айындағы инфляция 1,1 пайыз болды. Қалған басқарушыларға сеніп тапсырылған сома әлдеқайда аз — бар болғаны 63,8 миллиард теңге. Олар -0,74 пайыз шамасындағы шағын теріс көрсеткіштен +0,58 пайыз деңгейіндегі көрсеткіштерді көрсетті.
Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда зейнетақы, бюджет саласының жалақысы, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) және тұрғын үй көмегінің мөлшері артатынын жазғанбыз.