Қытай Қазақстанда екі АЭС салады
Фото: Pixabay.com
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр баспасөз мәслихатында үшінші АЭС-ті кім салатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның айтуынша, үшінші АЭС құрылысы екінші АЭС-ті салатын сол қытайлық компанияға тапсырылуы мүмкін.
"Станция маңында тұрақты сумен қамтамасыз ету көзі өте қажет. Электр қуатын тарататын аумақтар да анықталуы керек. Бұл жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биыл бұл станциялардың қайда орналасатыны белгілі болады деп ойлаймын", – деп қосты ол.
Қазақстанда алғашқы АЭС-ті салуға кем дегенде 14 миллиард доллар жұмсалмақ
Еске салайық, бұған дейін 2024 жылғы 6 қазанда Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтті. Сол кездегі энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевке (қазір Атом энергиясы жөніндегі агенттік басшысы) үкімет отырысында "Сіз бұл жобаның қауіпсіз екеніне сенімді болсаңыз, отбасыңызбен бірге Үлкен ауылына көшіп баруға дайынсыз ба?" деген сұрақ қойылды. Министр бұл сұрақты "ыңғайсыз" деп атады, бірақ қауіпсіздікке сенетінін айтып, ол жаққа тұрақты барып тұруға дайын екенін жеткізді.
Айта кетейік, Қытайлық CNNC (Қытай Ұлттық ядролық корпорациясы) компаниясы Қазақстанда екінші атом электр станциясын салу жөніндегі консорциумның көшбасшысы болғаны жайлы жазған едік.

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
