Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның үш қаласында пилоттық негізде азық-түлік ваучерлері беріледі

СупермаркетФото: gov.kz

Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев атаулы әлеуметтік көмек алушыларға азық-түлік ваучерлері берілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министр халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолдау шаралары іске асырылатынын атап өтті.

"Мемлекет басшысының атаулы әлеуметтік көмекке көші жөніндегі тапсырмасын орындау үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қойлатын 15 пайыз сауда үстемесін бақылау күшейтіледі және халықтың әлеуметтік осал санаттарына арналған атаулы қолдау шараларын іске асырғалы отырмыз", – деп мәлімдеді министр.

Ол әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын талдау модулі іске асырылатынын атап өтті.

"Пилот шеңберінде атаулы әлеуметтік көмек алушыларға азық-түлік ваучерлері беріледі. Ваучермен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларды үстемесіз бағаға сатып алуға мүмкіндік береді. Пилотты Ақкөл, Көкшетау және Павлодар қалаларында енгізу жоспарлануда. Оған 5 мыңға жуық атаулы әлеуметтік көмек алушы кіреді", – дейді министр.

Жобаны парламент депутаттары қолдаған және қоғамдық талқылаудан сәтті өткен. 

Еске салсақ, үкімет отырысында сауда және интеграция министрі сыра қайнату өнімдері мен биологиялық белсенді қоспаларды таңбалаудың нақты мерзімі белгіленгенін мәлімдеді.

Аида Тақабаева
Сейсенбі, 05 Тамыз, 2025 12:38
Талқылау
`