Синоптиктер қазақстандықтарға ескерту жасады
9 қарашада Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазгидромет мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 25 м/с деп күтіледі. Петропавлда күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.
Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз оңтүстік-шығыста, облыстың шығысында желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Синоптиктер таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстік жартысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады, екпіні 23 м/с болады деп болжайды. Көкшетауда таңертең және күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Ақтөбе облысында оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке күшейеді.
Алакөл көлдері аймағында оңтүстік-шығыстан 17-22 м/с жылдамдықта жел соғады, 10-11 қарашада екпіні 25 м/с-ке жетеді.
Күн жылынады: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?