Қазақстанның телефон коды +997-ге өзгереді
Қазақстан телефон коды +7-ден +997-ге өзгереді. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook-те жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Кезінде КСРО тарағанда, +7 халықаралық телефон коды екі елге бірдей бекітілген болатын. Біз Қазақстанға ғана тиесілі халықаралық кодқа қол жеткізу үшін былтырдан бері телекоммуникация саласындағы компаниялармен бірге жан-жақты жұмыс жүргізіп келеміз. Осы келіссөздердің нәтижесінде біздің елге дербес +997 коды бекітілді!" – деді министр.
Қазір тиісті құжаттар рәсімделіп, жаңа кодқа көшу бойынша іс-шаралар атқарылуда.
Мусиннің сөзінше, енді біздің елден басқа мемлекетке қоңырау шалғанда, шетелдіктердің телефонында Қазақстан деген жазу шығады.
"Сондай-ақ халықаралық деңгейдегі цифрлы сервистерді қолданғанда да, барлық жерде Қазақстан деген сигнал шығады", – деп атап өтті министр.
Шетелде үйсіздерге ай сайын 850 мың теңгеге дейін төленеді: Қазақстанда баспанасыздарға қандай көмек бар
Шетелде 400 мың теңге жәрдемақы, баспана мен қарызын өтеуге көмек беріледі
"Бет-аузы қан-жоса": Алматылық әйел пансионат қызметкерлерін әкесін ұрып-соқты деп айыптады
Пансионат болса, ол өзі құлап қалған деп отыр