Алматыда тағы да барахолка өртенді
Алматыдағы барахолкада тағы да өрт шықты. Бұл жолы "Қазына" базары отқа оранды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Құтқарушылардың сөзінше, өрттің аумағы 120 шаршы метрді құраған.
12 сағат:14 минутта басталған өртке 6 минутта ТЖД күштері мен құралдары жеткен. Санаулы минуттардың ішінде бірнеше екіқабатты контейнер жанып үлгерген.
Өрттің жақын маңында орналасқан контейнерлерге көшу қаупі туған. Барлау барысында ауданның сумен аз қамтылғаны хабарланып, өрт сөндіру автоцистерналарымен су жеткізу жұмыстары дереу ұйымдастырылды. Осылайша суды үздіксіз беру қамтамасыз етілді.
Оқиға орнында жедел штаб, 2 жауынгерлік учаскі құрылды. 40 адам және 14 бірлік техника жұмылдырылды.
ЖП күшімен жолды қоршау қамтамасыз етілді. Қабылданған шаралармен 18 минут ішінде өрт оқшауланды, сағат 12:38-де контейнерлерге өрттің өту қаупі жойылды. 12:47-де ауыздықталды.
Өзбекәлі Жәнібеков кім және Қазақстанда оның кесенесі неліктен тарих және мәдениет ескерткіші деп танылды
Реставрацияның мақсаты – кесененің жағдайын жақсартып, сәулеттік келбетін сақтау және ғұмырын ұзарту
Қазақстанда қой етінің бағасы күрт өсті: Сарапшылар негізгі себептерді атады
Мамыр айындағы өсім көрсеткішә 2011 жылдан бергі рекодтық көрсеткіш болды