Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның су спорт түрлері федерациясының жаңа президенті сайланды

Қазақстанның су спорт түрлері федерациясының кезекті отырысы өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: olympic.kz

Қазақстанның су спорт түрлері федерациясында кадрлық өзгерістер болды. 2019 жылдан бері президент қызметін атқарып келген Андрей Крюков өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтататынын жариялады.

Оның орнына бірауыздан Нұрлан Жақыпов сайланды. Ол "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарады.

Федерацияның вице-президенті болып Мират Өтепов тағайындалды.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Андрей Крюковқа Қазақстанда су спорт түрлерін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, қазіргі таңда елімізде бұл спортпен 120 мыңнан астам адам айналысатынын атап өтті. Министр жаңа басшылықтың қол жеткізген жетістіктерді нығайтып, жаңа белестерге жететініне сенім білдірді.

Өз кезегінде, Нұрлан Жақыпов халықаралық ынтымақтастықты күшейту, спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіру және тұрақты спорттық резерв қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, Қазақстанның су спорт түрлері федерациясы 1998 жылы құрылған. Ол жүзу, су добы, көркем жүзу, суға секіру және ашық суда жүзу секілді спорт түрлерін бақылайды.

Талқылау