Қазақстанның сыртқы қарызы 164 миллиард доллардан асып кеткен
Қазақстанның сыртқы қарызы 164 миллиард доллардан асып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Ұлттық банк мәлімдеді.

"Қазақстанның ІІ тоқсандағы сыртқы қарызы 2022 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда 2,3%-ға өсіп, 164,2 млрд долларды құрады", – делінген Ұлттық банктің ресми сайтында жарияланған баяндамада.
Құжатқа сәйкес, елдің сыртқы қарызы негізінен жеке сектор – банктер мен басқа секторлардың қарызы есебінен 4 миллиард долларға артып, 129,15 миллиард долларға жеткен.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды