Силикон қосылған резеңке тозбайды: қысқы дөңгелек таңдағанда нені ескеру керек?
Фото: Attar
Алғашқы аяз бен көктайғақ жыл сайын жүргізушілер үшін сынаққа айналады. Дәл қазір – қысқы дөңгелек жайын ойлайтын уақыт, өйткені жолдағы қауіпсіздік тікелей соған байланысты. Stan.kz пен Attar бренді алдағы маусымға дайындалғанда нені ескеру керек екенін түсіндіреді.
Көлік дөңгелегін неге уақытында ауыстыру керек?
Жазғы және қысқы дөңгелектер жолдағы әртүрлі жағдайға шыдауы керек. Сондықтар олар резеңке қоспасының құрамына, протектор өрнегіне, үйкелмелі емес, тікенек дөңгелек таңдаған жағдайда тікенектерінің бар-жоғына байланысты айырмашылығы көп болады.
Маусымға байланысты жазғы және қысқы дөңгелектер әртүрлі резеңкеден жасалады. Жазғы дөңгелектер жоғары температураға, яғни ыстыққа төзімді етіп шығарылады, ал қысқы дөңгелектер суықта, тіпті қатты аязда да қасиетін жоғалтпайды. Жазғы дөңгелектердің бетіндегі арнайы өрнектер (протекторлар) олар құрғақ және сәл дымқыл жолда көлікті жақсы басқаруға көмектеседі. Сапалы дөңгелектердің өрнектері өте мұқият жасалады, соның арқасында көліктің жолда сырғанап кету қаупі азаяды. Бірақ, қанша жерден сапалы болса да, жазғы дөңгелектер қар, мұз басқан жолға жарамайды.
Мамандар қысқы дөңгелекке ауа температурасы 7°С төмендегенде, яғни шамамен қазан-қарашада ауысуға кеңес береді. Алғаш қар түскен күнді не аязды күтіп жүрудің қажеті жоқ.

Фото: Attar
Қысқы дөңгелекті таңдаған не нәрсеге мән беру керек?
- Ең алдымен тікенектерге мән беріңіз. Олардың санына, пішініне және сапасына назар аударыңыз. Сондай-ақ тікенектердің дөңгелекке қалай орнатылғанын тексеріңіз. Тікенектері зауытта дұрыс орнатылса, жолдағы қауіпсіздікке кепіл бола алады.
- Протекторына да қараңыз. Бұл – дөңгелектің жолға тиіп тұратын сыртқы бөлігі. Протектордың өрнектері қаншалық жақсы ойластырылса, соншалық көлікті сенімдірек айдауға мүмкіндік бар. Дөңгелекте түрлі өрнек болса, көлік жолда сырғып кетпей, нық жүріп, оны басқарған жеңілірек.

Фото: Attar
- Көлігіңізге сай келетін дөңгелекті таңдаңыз. Автокөлік өндірушісі ұсынған дөңгелектер туралы ақпаратты ашық дереккөздерден оңай табуға болады. Сонымен қатар дөңгелек брендтерінің көбінің сайтында көліктің маркасы мен үлгісіне қарай дөңгелек таңдауға көмектесетін ыңғайлы құралдар бар.
- Дөңгелектің сапасы мен өндірушісіне мән беріңіз. Өнімнің сапасына жауап беретін, өндіріс пен сапаны қалай бақылайтынын ашық көрсететін, сертификаттары мен кепілі бар сенімді өндірушілерді таңдаңыз.
Attar қандай қысқы дөңгелектерді ұсынады?
Қазақстандық Attar бренді сапасы халықаралық талаптарға сай дөңгелектер шығарады.
Attar W01 – жеңіл көліктерге арналған қысқы дөңгелек
Қаладағы жолда және тасжолда жүретін Toyota Corolla, Hyundai Elantra, Kia Cerato, Volkswagen Jetta, Nissan Sentra сияқты көліктерге жарайды. Протекторында ұсақ, ірі, түзу және зигзаг тәрізді өрнектер және үлкен блоктар бар. Солардың арқасында қарда да, көк тайғақта да көлікті бір қалыпта басқаруға мүмкіндік береді. Ал дөңгелектегі терең ойықтар су мен балшықты лезде сыртқа шығарып, көлік жолда нық жүреді. Дөңгелек резеңкесі құрамындағы арнайы қоспалардың арқасында қатты аязда да икемді болып қала береді. Attar W01 қаладағы жолда да, тас, қырат немесе нашар жолда да ыңғайлы. Бағасы да қолжетімді.

Фото: Attar
Attar W02 – кроссовер мен жол талғамайтын көліктерге арналған дөңгелек
Бұл дөңгелек моделі Toyota Land Cruiser, Hyundai Palisade, Kia Sorento және басқа да SUV үлгілеріне сай келеді. Дөңгелек протекторының ерекше дизайны көлікті мұз үстінде де, қарлы жолда да тайып кетпейтіндей, жақсы басқаруға мүмкіндік береді. Дөңгелектегі тікенектер бір-бірінен алшақ орналасқан, сондықтан көлік бұрылғанда да, күрт қозғалғанда да жолда нық тұрады. Дәл осылай орналасқан өрнектер салон ішіндегі шу дыбысты да азайтып, көлікті жайлырақ айдауға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге Attar компаниясы минивэнге, жеңіл әрі ауыр жүк көлігіне арналған әртүрлі өлшемдегі дөңгелектерді ұсынады. Әр жүргізуші өз көлігіне сай келетін түрін таңдай алады.

Фото: Attar
Attar дөңгелектері Саран қаласындағы (Қарағанды облысы) Tengri Tyres зауытында шығарылады. Өнім ішкі нарықта – автосалондарда, онлайн-дүкендерде және базарларда сатылады. Зауытта әр дөңгелек екі кезеңнен тұратын тексеруден өтеді: әуелі өз бетімен, кейін автоматтандырылған жүйе арқылы тексереді. Нарыққа тек жоғары стандартқа сай келетен дөңгелектер ғана шығарылады.
Айтпақшы, Attar дөңгелектерінің кеңейтілген кепілдігі бар: бір жыл ішінде дөңгелектер абайсызда зақымдалып қалса, оны тегін жөндетуге немесе басқасына ауыстыруға мүмкіндік бар.
Қорытындыласақ, қысқы дөңгелектер – бұл тек заңның талабы емес, жолдағы қауіпсіздіктің маңызды элементі. Сондықтан оны таңдағанда тек бағасына емес, сапасына, қаншалық сенімді екеніне және өндірушінің жауапкершілігіне мән берген жөн.
"Баланың тірі не өлі екені белгісіз": АҚШ азаматы бұрынғы қазақстандық әйелін баласын "ұрлады" деп айыптап, сотқа берді