Қазақстанның Қырғызстанмен шекаралас аумағынан қару жасырынған қойма табылды
ҰҚК шекара қызметкерлерінің рейдтік іс-шаралары барысында өзімен бірге жалған мөр мен шетелдік төлқұжаттарды жасырын алып өтпек болған Қырғызстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"14 қаңтарда "Қордай" автомобиль өткізу бекетінде жолаушылар көлігімен келе жатқан Қырғызстан Республикасының азаматы қолға түсті. Көліктің жүк салғышын тексеру кезінде 50 әріптік мөр, төрт халықаралық төлқұжат пен 20 банк картасы табылды", - делінген комитет сайтындағы мәлімдемеде.
Күдікті азамат Қордай аудандық полиция бөліміне жеткізілген.
- Шамалған тұрғындары Назарбаевтың қаңтар айының басында ауылға келіп қайтқанын айтты
- Алматы прокуроры: Бүлікшілер бейбіт тұрғындарды қалқан ретінде пайдаланды
Сонымен қатар шекарашылар Жамбыл облысынан екі шақырым жерде орналасқан жасырылған қару қоймасын тапты. Қойма ішінде төрт тапанша, алты мылтық және тегіс ұңғылы қару болған.
Қазіргі таңда тәртіп сақшылары тергеу жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысының жеті тұрғынынан қару-жарақ пен есірткі тәркіленгені туралы жазылған болатын.
Қазақстандық ер адам Көк төбедегі қымбатшылыққа шағымданды: Саябақтың иесі кім және неліктен бағалар жоғары?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"