Қазақстанның қай қаласының тұрғындары киім мен косметикаға көп қаржы жұмсайды
Фото: freepik.com
Бірінші несие бюросының сарапшылары Қазақстанның қай қаласында тұрғындар киім-кешек, аяқкиім және жеке гигиена құралдарына көбірек ақша жұмсайтынын есептеп шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Биыл сәуір-маусым айларында Шымкентте жан басына шаққандағы киім-кешек, аяқкиім, маталар, әртүрлі жеке күтім мен гигиена құралдарына шамамен 36 400 теңге жұмсалды. Бұл көрсеткіш республика бойынша ең жоғары және республикалық көрсеткіштен 36% көп.
"Сонымен қатар Шымкенттегі орташа табысты жоғары деуге келмейді: жан басына шаққанда тоқсанына 267,5 мың теңге, бұл республика бойынша орташа деңгейден 26% төмен. Демек, "сұлулыққа" жұмсалатын шығын мұндағы табыстың бірден 14%-ына тең. Ал ел бойынша орта есеппен бұл көрсеткіш екі есе төмен", – дейді сарапшылар.
Шымкент тұрғындары 2025 жылы қаңтар, ақпан және наурыз айларында да осы бағыттағы абсолютті шығындар бойынша көш бастаған. Дәл осындай көрсеткіштер 2024 жылдың қорытындысында, сонымен қатар 2020–2023 жылдары да тіркелген.
2025 жылдың II тоқсанындағы алғашқы бестік:
Шымкент – 36,4 мың теңге;
Алматы – 35,3 мың теңге;
Қарағанды облысы – 32,8 мың теңге;
Ұлытау облысы – 31,2 мың теңге;
Астана – 30,1 мың теңге.
Астанада тіс емдеу кезінде көз жұмған 3 жасар қыздың өлімі: Сотта жаңа күмәндер мен сараптамалық қайшылықтар туындады