Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы ең ірі 50 салық төлеуші компания анықталды

Қаржы министрлігі 2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі ең ірі 50 салық төлеушінің тізімін жасады. Көш басында "Теңізшевройл", Karachaganak Petroleum Operating B.V., және "Маңғыстаумұнайгаз" секілді компаниялар бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Іstockphoto.com

Бюджетке ең көп салық төлеген компаниялар мыналар:

  • "Теңізшевройл" – 3 триллион теңге
  • Karachaganak Petroleum Operating B.V. – 1,1 триллион теңге
  • "Маңғыстаумұнайгаз" – 304,5 миллиард теңге
  • Halyk Bank – 259 миллиард теңге
  • "Азиялық Газ Құбыры" – 224,8 миллиард теңге

Үздік ондыққа сондай-ақ төмендегі компаниялар кірді:

  • KAZ Minerals Aktogay (212 миллиард теңге)
  • "Норт Каспий Оперейтинг Компани" филиалы (210,7 миллиард теңге)
  • "Өзенмұнайгаз" (182,5 миллиард теңге)
  • "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" (178,7 миллиард теңге)
  • "Филип Моррис Қазақстан" (167,8 миллиард теңге)

Банктер арасында Kaspi Bank (22-орын, 107,2 миллиард теңге) және "Банк ЦентрКредит" (31-орын, 77,7 миллиард теңге) бар. Kaspi-дің еншілес компаниясы "Kaspi Магазин" 18-орынға көтеріліп, 118,3 миллиард теңге салық төлеген.

Мұнай-газ саласындағы компаниялар:

  • "Ембімұнайгаз" (167,4 миллиард теңге)
  • "Қаражанбасмұнай" (163,4 миллиард теңге)
  • "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" (127,9 миллиард теңге)
  • "ҚазМұнайГаз" (85,6 миллиард теңге)
  • "Chevron International Petroleum Company" (65 миллиард теңге)
  • "Қазгермұнай" (64,4 миллиард теңге)

Мұнай өңдеумен айналысатын кәсіпорындар:

  • Атырау мұнай өңдеу зауыты (154,5 миллиард теңге)
  • Павлодар мұнай-химия зауыты (142,6 миллиард теңге)

Тау-кен өндірісіндегі ірі салық төлеушілер:

  • "Қазақмыс корпорациясы" (132,2 миллиард теңге)
  • KAZ Minerals Bozshakol (117,4 миллиард теңге)
  • Altyntau Kokshetau (96,5 миллиард теңге)
  • “Бақыршық тау-кен кәсіпорны” (59,6 миллиард теңге)
  • RG Gold (56,6 миллиард теңге)
  • "Қазхром" (46,7 миллиард теңге)

Уран саласындағы компаниялар:

  • "Қаратау" (93,9 миллиард теңге)
  • "Инкай" бірлескен кәсіпорны (91,1 миллиард теңге)
  • "Оңтүстік тау-химия компаниясы" (80,7 миллиард теңге)
  • "Ақбастау" бірлескен кәсіпорны (63,8 миллиард теңге)
  • "Хорасан-U" бірлескен кәсіпорны (53,4 миллиард теңге)
  • "Катко" қазақстан-француз бірлескен кәсіпорны (52 миллиард теңге)

Темекі өндірісінде "Джей Ти Ай Қазақстан" (160,4 миллиард теңге) және "Филип Моррис Қазақстан" (167,8 миллиард теңге) салық төледі.

Телекоммуникация саласындағы компаниялар:

  • "Қазақтелеком" (114,1 миллиард теңге)
  • "КаР-Тел" (Beeline және Activ брендтерінің иесі, 71 миллиард теңге)
  • "Қазақстан темір жолы" 93,8 миллиард теңгемен 27-орында, KEGOC 49,2 миллиард теңгемен 49-орында.

Құрылыс саласында жалғыз компания "Сенімді Құрылыс" (57,9 миллиард теңге), автокөлік саласында "Toyota Motor Kazakhstan" (64,6 миллиард теңге) болды.

Сонымен қатар тізімге "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры (60,6 миллиард теңге), QazaqGaz ұлттық компаниясы (50,9 миллиард теңге), "Жасыл даму" (64,9 миллиард теңге) және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (53,7 миллиард теңге) кірді.

Айта кетейік, 2024 жылы республикалық бюджетке 12,3 триллион теңге салық түскенін, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 4,7%-ға (604 миллиард теңгеге) аз екенін жазған едік.



Еске салайық, бұған дейін үкімет басшысы Бектенов BAZIS, BI Group және басқа да ірі компанияларды салықтан жалтарды деп айыптаған еді. 2022–2023 жылдар аралығында Bazis-A кірісін 4,6 миллиард теңгеге, ал BI Group 11,9 миллиард теңгеге кем көрсеткен. Қаржы министрлігінің мәліметінше, 633 компанияға хабарлама жіберілген. Олардың 172-сі құрылыс саласында және 102-сі сауда саласында жұмыс істейді. Артынша BI Group пен Bazis Бектеновтың ескертуінен кейін салықтарын төледі.

Талқылау