Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның ең бай құрылысшысы 32 миллиард теңге дивиденд алады

Фото: BI Group

BI Group құрылыс компаниясы, бұған дейін салықтан жалтарғаны үшін айыпталған, акционерлеріне қосымша дивиденд төлемек. Төлемдердің жалпы көлемі 32,3 миллиард теңгеден асады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі KASE порталына сілтеме жасап хабарлайды.

KASE сайтындағы құжаттарға сәйкес, BI Group иелері 2024 жылғы пайданы бөлу туралы шешім қабылдаған. Жалпы пайда көлемі 76 миллиард 31 миллион теңгені құрады. Оның 43,7 миллиарды компания қарамағында қалып, бизнесті әрі қарай дамытуға бағытталады.

Акционерлерге барлығы 32 миллиард 314,1 миллион теңге төленеді. Компания бұған дейін 24,8 миллиард теңге дивиденд төлеу туралы хабарлаған болатын. Қалған 7,4 миллиард теңге — жалпы төлем сомасына қосылған қосымша сома.

BI Group-тың негізгі акционері — Forbes Kazakhstan тізімінде оныншы орында тұрған Айдын Рақымбаев. Кәсіпкердің байлығы 967 миллион доллар деп бағаланады. Ол Қазақстандағы ең бай құрылысшы саналады, ал BI Group елдегі құрылыс нарығында көшбасшы орынды иеленіп отыр. 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша компанияның жиынтық активтері 1,5 триллион теңгеден асып, таза табысы 49,3 миллиард теңгені құраған.

BI Group жиі сынға ұшырайды. 2025 жылдың ақпанында премьер-министр Олжас Бектенов компанияны салық төлеуден әдейі жалтаратын заңды тұлғалардың бірі деп атаған еді.


Қазақстандағы ең ықпалды 50 бизнесменнің кім екені белгілі болды


BI Group жалдаған компания жұмысшыларына еңбекақысын төлемеді деп айыпталды

Еске салайық, бұған дейін Айдын Рақымбаевтың құрылыс компаниясы Bank RBK-дан 10 миллиард теңге қарыз алатынын жазған едік. 2024 жылы BI Development 32,3 мың пәтер сатқан, бұл өткен жылмен салыстырғанда 42%-ға көп. Компанияның таза табысы 78 миллиард теңге болған.

Айым Атамбаева
Сенбі, 25 Қазан, 2025 15:39
Талқылау