Қазақстанның екі аймағында мектеп оқушылары қашықтан оқытуға ауыстырылды
Фото: freepik.com
Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында мектеп оқушылары арасында жедел респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) таралуына байланысты білім алушылар қашықтан оқытуға ауыстырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, Шығыс Қазақстанда 23 жалпы білім беру мектебіндегі 169 сыныптан 3 015 оқушы уақытша үйден оқиды.
Денсаулық жағдайына байланысты оқушылардың 30%-дан астамы сабаққа қатыспаған сыныптарда қашықтықтан оқыту ұйымдастырылды:
Өскемен қаласындағы 18 мектепте;
Күршім ауданындағы 3 мектепте;
Ұлан ауданындағы 2 мектепте.
Қазақстанда ауаның шамадан тыс ластануы кезінде мектеп оқушыларын қашықтан оқуға көшіру ұсынылды
Өскемендіктер тағы да қара түтінге тұншығып, балалар қашықтан оқуға көшті
Облыстық білім басқармасы сабақтардың қашықтан оқыту талаптарына сай жүргізіліп, жалғасып жатқанын айтты.
Абай облысында да эпидемиологиялық жағдай жөніндегі штаб отырысының қорытындысы бойынша бірқатар оқушыларды қашықтан оқытуға көшіру туралы шешім қабылданды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғат Молдабековтың айтуынша, оқу жылы басталғалы бері 5 558 оқушы ЖРВИ-мен ауырған. Ал оқушылардың үлесі жалпы ауырғандардың 17,2%-ы. Сондай-ақ өңірде тұмаудың 25 жағдайы тіркелген.
“Бір сыныпта оқушылардың 20–30%-ы ЖРВИ-мен ауырған кезде жалпы білім беретін ұйымдарда аралас форматқа көшіру шарасы қолданылады”, – делінген хабарламада.
Алайда қашықтан оқытуға ауыстырылған сыныптардың нақты саны көрсетілмеген.
Ата-аналарға қызуы бар немесе толық жазылмаған балаларды мектепке және балабақшаға жібермеу ұсынылды. Сондай-ақ қоғамдық көлікте және адамдар көп жиналатын орындарда бетперде тағу қажеттігі ескертілді.
Айта кетейік, бұған дейін Бас санитар дәрігер оқушылар қандай жағдайда қашықтан оқуға көшетінін айтқан еді.
"Біреулер көрсін, гей болсын демейміз": Қазақстандықтар желіде ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды қызу талқылап жатыр