Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланды
Фото: qamqor.gov.kz
Алматының Алмалы ауданы полициясы прокуратураның тапсырмасымен экс-бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновты іздеп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мақсат Дүйсенов 29 тамыздан бастап іздеуде. Ол туралы ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында жарияланды.
Мақсат Дүйсенов 1973 жылы дүниеге келген. Ішкі істер органдарында, қаржы полициясында, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде жұмыс істеген.
Кей жылдары басшылық қызметтер атқарды:
2013–2014 жылдары – Қауіпсіздік кеңесінде;
2016–2018 жылдары – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшысының орынбасары;
Кейін көлік прокурорының орынбасары, одан соң бас көлік прокуроры болды. Бұл қызметті Мақсат Дүйсенов 2018 жылдың тамызынан 2019 жылдың сәуіріне дейін атқарды.
Ол “Құрмет” орденімен және II дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталған.
2012 жылдың ақпанында Алматы қаласы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің басшысы қызметінен шеттетілді. Бұған оның қарамағындағы қызметкердің парамен ұсталғаны себеп болды.

Қазақстандық исламтанушы мигранттардың діни ахуалға әсерін айтып берді
