Синоптиктер еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
Қазгидромет еліміз бойынша 29-31 қазанға арналған ауа райы болжамын жасады. Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде атлантикалық циклонның ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталатынын айтты.
Жауын-шашын (қар аралас жаңбыр), көктайғақ және тұман болжанып отыр. 30 қазанда республиканың батысында қатты жаңбыр жауады. Сонымен қатар жел күшейеді.
Температуралық режимде айтарлықтай өзгерістер болжанбайды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"