Қазақстанның алтын, мыс, көмір қоры қанша жылға жетеді

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі негізгі пайдалы қазбалар жөнінде дерек ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрлік мәліметінше, Қазақстан табиғи ресурстарға бай ел болып қала береді. Соңғы деректерге сәйкес, қазіргі өндіру көлемін ескерсек, негізгі пайдалы қазбалармен қамтамасыз етілу мерзімі мынадай:
- алтын – 30 жыл;
- мыс – 38 жыл;
- қорғасын – 156 жыл;
- көмір – 350 жыл
- темір кендері – 957 жыл;
"Сол сияқты тұрақтылық марганец, титан, молибден және басқа да стратегиялық маңызды пайдалы қазбалар бойынша да байқалады. Бұл – қазбаларды ұтымды пайдаланып, геологиялық барлау жұмыстарын жүйелі жүргізу арқылы Қазақстан өз ресурстық әлеуетін сақтап қана қоймай, жаһандық шикізат нарығындағы орнын одан әрі нығайта алады деген сөз", – делінген Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарламасында.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"