Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның 13 өңірінде қар аралас жаңбыр жауады: Жүргізушілерге ескерту жасалды

Фото: istockphoto.com

ҚазАвтожол 19 желтоқсанда Қазақстанның 13 облысында қар аралас жаңбыр мен қар жауады деп болжанып отырғанын айтып, ескерту жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мәліметтерге сенсек, Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ұлытау және Алматы облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар жауады.

"Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз", – деп ескерту жасады ҚазАвтожол.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.


Жаһандық жылыну 2025 жылы да рекордтық көрсеткішке жетті – Ғалымдар


Батыс Қазақстан облысында боран кезінде үш адам қаза тапты


Еске салайық, бұған дейін Атырауда қолайсыз ауа райына байланысты барлық мектептер қашықтан оқуға көшкенін жазған едік. Қала білім бөлімі басшысы Айнагүл Дүсекенованың айтуынша, бұл шешім балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған. Қолайсыз ауа райы көшеде қозғалысты қиындатып, қауіп-қатерді арттырған.

Айым Атамбаева
Жұма, 19 Желтоқсан, 2025 10:13