Қазақстанның 10 облысында дауылды ескертулер жарияланды
Қазгидромет алдағы күндерге Алматы мен 10 облыста дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қаласында 15-16 тамызда қатты нөсер жаңбыр жауады, сонымен бірге 14-16 тамызда күн күркіреуі күтілуде.
15 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.
15-16 тамызда Алматы облысында кей жерлерде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Найзағай кезінде солтүстік-шығыстан соққан жел 15-20, екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында күндіз 15-17 тамызда оңтүстікте, 18-20 тамызда елді мекеннің басым бөлігінде 40-41 градусқа дейін өте қатты ыстық күтіледі. Өрт қаупі сақталады.
16-20 тамызда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде 40 градусқа дейін өте қатты ыстық күтіледі. Өрт қаупі сақталады.
15-16 тамызда Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Өрт қаупі сақталады.
15 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысында оңтүстікте қатты ыстық 37 градусқа дейін сақталады. Оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен соққан жел кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.
15 тамызда Қарағанды облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. 15 тамызда солтүстік-шығыстан соққан жел кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Кей жерлерде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында 15-16 тамызда солтүстік-шығыстан кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен шаңды дауыл күтіледі. Өрт қаупі сақталады.
15 тамызда күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде 40 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. 18-20 тамызда күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде 43 градусқа дейін өте қатты ыстық күтіледі.
15 тамызда Түркістан облысында кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен солтүстік-шығыстан жел соғады деп күтілуде. Өрт қаупі сақталады.