Қазақстандық экс-бизнесменнің Лондонда 6 элиталы үйі бар екені анықталды
Қазақстаннан зейнетақы қорын шығарған бизнесменнің Лондонда 6 элиталы үйі бар екені анықталды.
Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Бірыңғай зейнетақы жинақ қорының маманы мәлімдеді, деп хабарлайды Астана арнасы.
Олардың мәліметінше, жылжымайтын мүлік «Қазақстан қағазы» компаниясының бұрынғы басшысы Мақсат Әріпке тиесілі. Үйлердің құны 25 млн долларға бағаланды. Жылжымайтын мүлік кипрлік компанияның меншігінде, ал иесі Мақсат Әріптің анасы.
БЗЖҚ мәліметінше, Лондон соты бұл активтерді тоқтату туралы уақытша шешім қабылданды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бұрынғы қазақстандық олигархтың шетелде элиталық жылжымайтын мүлік сатып алғаны туралы белгілі болған еді.
«Лондонда тағы 6 объекті анықталды. Олардың құны 25 млн долларға тең. Бұл мәселеге қатысты соңғы отырыс 2018 жылдың 31 қазанында болады. Онда Мақсат Әріптің мүлкіне қатысты мәселе қаралады», – деді БЗЖҚ АҚ заңды департамент басшысы Назым Бақтыбаева.
Бүгінгі күні қарыз 40 миллиардтан асады. Барлық айыпталушыларға сот 3 ай ішіне қарызды өтеуге құқық берді.
Қарызды тек бір ғана айыпталушы өтейтінін айтты. Ол «Бузгул Аурум» ЖШС негізін қалаушы Бақытжан Кенжебаев. Алайда оның атынан еш қаражат түскен жоқ.
Аталмыш қаулы тек қана бір банк – «Азия Кредит Банкі» тарапынан орындалды. Банк осы қарар бойынша операцияларды жүргізеді. Тамыз айының соңына дейін осындай тапсырыстар басқа ЕДБ-ге жіберіледі, онда Кенжебай мырзаның есеп айырысу шоттары бар.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз