Қазақстаннан Ресейге әскери киімдерді заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды
Қазақстаннан Ресейге әскери киімдерді алып өтпек болғандар ұсталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Наша газета" басылымына сілтеме жасап.

"Қайрақ" автомобиль өткізу бекетінде әскери бас киімдер мен тактикалық рюкзактарды заңсыз алып өтпек болғандардың жолы кесілді. Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері жүк бөлігінде әскери киімдер болған "Газель" көлігін ұстады", – делінген ақпаратта.
Дереккөз ұсынған ақпаратқа сүйенсек, өнімнің ілеспе құжаты болмаған.
- Ресейде қазақстандықтарға азаматтық алуды жеңілдету ұсынылды
- Гаагадағы халықаралық сот Украинаға басып кірген Ресейге қарсы іс ашуды жоспарлап отыр
"Қазір жүк тиелген көлік бақылау-өткізу пункті орналасқан жерде тұр, тауардың шыққан жері мен экспортқа қатысы бар тұлғаларды анықтау шаралары жүргізілуде", – деп мәлімдеді мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.
Жедел шаралардың нәтижесінде кінәлілер жауапқа тартылып, тәркіленген жүк мемлекет меншігіне өтетіні айтылады.
Қазақстандық көршісін үйіне іздеп барып, оны өлі күйінде тапқан: Ақыр соңында қылмыстағы басты күдіктіге айналды
Азиза Омарованың айтуынша, әкесіне көрсетілген зорлық үшін ол Нагарин ауданында да, кейін қалада да арыз жазған
"Фонограммасыз ән айтуға біздегі аппаратура жарамайды": Қазақстандық әншілер жаңа заңға қатысты ойларын айтты
Әншілер пікір білдірді