Ресейде қазақстандықтарға азаматтық алуды жеңілдету ұсынылды
Ресей өз елінде тұрақты тұратын Қазақстан, Беларусь, Молдова және Украина азаматтарына азаматтық алу құқығын жеңілдету үшін заңға өзгертулер енгізуді жоспарлап отыр деп хабарлайды Stankz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Оңайлатылған тәртіппен азаматтық алу үшін Ресейде тұрудың талап етілетін мерзімін үш жылдан бір жылға дейін қысқарту ұсынылып отыр.
"Келесі заңда некеде тұрған отбасы мүшелерінің азаматтықты жеңіл алу мүмкіндігін талқыланбақ", - деді Константин Затулин.
Заң жобасы сондай-ақ 20-дан астам санаттағы тұлғаларға Ресей азаматтығына қабылданған кезде қойылатын талаптардың санын қысқартуды көздейді.
Егер террористік сипаттағы қылмыстар, мемлекетке қарсы ауыр қылмыстар, сондай-ақ есірткі құралдары мен психотроптық заттардың айналымы, құжаттарды қолдан жасау немесе азаматтың ерікті өтініші бойынша жасалған қылмыстар үшін азаматтықтан айыру көзделген.
Дәрігерден медбикеге дейін ақша сұрайды: Қазақстандық келіншектер перзентханадағы былықтарды ашты
Пікір қалдырғандардың басым бөлігі кейбір перзентханаларда көрімдік сұрау қалыпты жағдайға айналып кеткенін айтты
Қазақстанда ислам ипотекасы қашан іске қосылады және ол қалай жұмыс істейді
Сарапшы: "Негізгі айырмашылық бағада емес, қаржыландыру тетігі мен мәміленің құқықтық құрылымында"