Қазақстаннан гуманитарлық жүк тиелген әуе рейсі Түркияға ұшты
Қазақстаннан гуманитарлық жүк тиелген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына ұшып шықты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: t.me/qr_tjm
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш көмек Түркияға Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жөнелтілді. Жүктің ішінде жойқын зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да қажетті заттар бар.
Гуманитарлық көмектің жалпы көлемі 55 тонна.
"Жүк әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына кетті", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстаннан Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жіберілді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"