Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстаннан асырап алынып, АҚШ-та көз жұмған жасөспірімге қатысты тың мәліметтер пайда болды

АҚШ-та көз жұмған Қазақстаннан асырап алынған жасөспірімнің бала күнінде денсаулығына қатысты қиындықтары болмаған және ол қыз болыпты. Қостанайдағы балалар үйіндегілер мұхит асқаннан кейін Дэвин атанған Айсұлудың өмірінің алғашқы күндері туралы айтып берді.

ЛГБТ қауымдастығының өкілі болған: Қазақстаннан асырап алған жігіт АҚШ-та көз жұмды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Массачусетс штатының басылымының мәліметінше, 17 жастағы Дэвин Айсулу Тэкабари өз үйінде қайтыс болған. Ол 2 қыркүйекте жер қойнына тапсырылыпты. Алайда Дэвин-Диана-Айсұлудың өмірі туралы мәлімет жергілікті газетте таяуда ғана пайда болды. Сондай-ақ, баспасөз басылымында жасөспірімнің өлімінің себебі мен денсаулығына қатысты қиындықтар туралы ақпарат берілмеген. Онда қала тұрғындарының шығармашыл жасөспірімнің өлімі туралы мәліметтен абдырап қалғандары жазылған. 

«Мен Дэвиннің өлімі туралы білмедім. Алайда оның жақын достарының бірі Зефи мектеп жиналысында жылап жіберіп, оның өлімі туралы айтты. Мен сол жерде жылап жібердім. Себебі оны бала күнінен танитын едім. Бір жарым сағат бойы жылаумен болдым. Кейтлин және Уэйн, сіздердің қайғыларыңызға ортақпын», - дейді Изабель Каррено-Фогт.

Қостанайдағы балалар үйінің қызметкерлері Дэвин Айсұлу Тэкабаридің шала туылғанын айтады. Олардың сөзінше, анасы сәбиден бас тартқан.

«Ол бізге бір айлық кезінде түсті. Архивтегі мәліметтер бойынша, дені сау, дұрыс бала болған», - дейді «Дельфин» балалар үйінің бас дәрігері Өмірбек Байкенов.

2002 жылы бір жасар дені сау қызды америкалық ерлі-зайыпты Кейтлин мен Уэйн Тэкабари асырап алыпты. Марқұмның асырап алған әкесі ІТ саласында жұмыс істейді. Ол кішкентай Диананың суреттерін желіде жариялап жүрген. Дэвин 11 жасында өзін Диана деп атапты. Үстіне көйлек киіп, сурет салып, домбыра сыныбына барып жүрген. Ал жасөспірім шағында гимнастика, би, сурет және фотосурет өнеріне қызығыпты. Тіпті, оның фотожұмыстары Scholastic Awards 2018 ұлттық сыйлығының алтын жүлдесін иеленген. 

Қазіргі уақытта Қазақстанның сыртқы істер министрлігіндегілер жасөспірімнің өлімінің мән-жайын анықтап жатыр. 

Талқылау