Қазақстаннан 15 миллиард доллар криптоактив түрінде шығарылған
Фото: freepik.com
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов Қазақстаннан 15 миллиард доллар криптоактив түрінде шығарылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Бүгінде елден шығарылған криптоактивтердің көлемі 15 миллиард долларға жетті. Мәселе мынада, ел азаматтары (криптоактивтерге – ред.) салу үшін әкімшілік-құқықтық реттеу дұрыс жолға қойылмаған", – деп түсіндірді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.
Бұл ретте Шолпанғұлов бүгінде Қазақстанда цифрлық активтер нарығын оңтайландыруға көмектесетін заңнамалық реттеу тәсілдері әзірленіп жатқанын атап өтті. Ол қаражаттарды заңсыз шығарудың алдын алуға ерекше көңіл бөлінетінін айтты.
"Екінші бөлім, сіз айтып отырғандай, ақшаны заңсыз жолмен шығармақ болған адамдарды қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тарту", – деді ол.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары болашақта криптовалюта транзакцияларын бақылаудың халықаралық жүйелерінің технологиялық мүмкіндіктерінің арқасында активтерді кім және қайда шығарып жатқанын анықтауға мүмкіндік туатынын баса айтты.
“Біз де брифинг өткізіп, кімнің "сұр" аймақта не жұмсағанын жариялайтын шығармыз. Бірақ бұл әкімшілік және қылмыстық қудалау болады", – деді Шолпанқұлов.
Журналистер одан “Бұған дейін шығарылған 15 миллиард доллардың ізі көріне ме?” деп сұрады.
“Әзірге жоқ. Бірақ біз жүйеге қатысушы болған кезде, көріп, сіздерге хабарлаймыз. Бәлкім, бөлек брифинг өткізетін шығармыз, онда қай жерден көргенімізді, қашан істегенін, заңсыз кеңістіктегі әмиянында кім қандай ақшаны қайда сақтайтынын айтамыз. Технологиялық мүмкіндік бар, тек уақыт керек", – деп уәде берді Берік Шолпанқұлов.
Айта кетейік, бұған дейін оның қазақстандықтардың шоттарынан ақша жоғалып жатыр деген ақпаратты “өсек” деп ойлайтынын жазған едік.

"Пәтерімді сатып, шетелге оқуға түстім": Қазақстандық қыз "Реал Мадрид" футбол клубына жұмысқа орналасты
