Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанға тауық жұмыртқаларын көлікпен тасуға тыйым салынды

Қазақстан аумағына тауық жұмыртқаларын көлікпен әкелуге уақытша тыйым салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ru.freepik.com

Қазақстанға тауық жұмыртқаларын кез келген көлік түрлерімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелуге алты ай мерзімге тыйым салынды.

Айта кету керек, бұл тыйым Қазақстан арқылы тауық жұмыртқаларының транзитін, сондай-ақ олардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына Қазақстан аумағы арқылы өтуіне қатысты қолданылмайды.

“Тағамдық жұмыртқа импортына уақытша тыйым көктемгі-жазғы кезеңде отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін енгізілді. Осы кезеңдерде жұмыртқаға сұраныстың төмендеуі байқалады. Нарық қажеттігі өнеркәсіптік өндірістің және үй шаруашылығы өнімдерінің нарықта белсенділігінің арқасында толығымен жабылады. Бұл фактор құс фабрикаларының қызметіне теріс әсер етеді, жұмыртқа бағасы төмендейді. Бағаның өзіндік құнынан төмен түсуі кәсіпорындардың рентабельділігіне теріс әсер етеді”, – деп мәлімдеді Ауыл шаруашылығы министрлігі.



Сондай-ақ осы кезеңде жұмыртқаны сақтау мерзімі қысқарады. Бұл ретте технологиялық ерекшеліктерге байланысты жұмыртқа өндіру көлемі азаймайды, бұл қоймаларда тауардың артық жиналуына әкеледі.

Бұған дейін Қазақстанда жұмыртқаны импорттауға тыйым салынтыны туралы жазған едік. 

Талқылау