Қазақстанға 45 жүк көлігі мен тіркеменің заңсыз кіргізілгені анықталды
Қаржы мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен жүк автомобильдерінің экономикалық контрабандасы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
“Тергеу барысында қылмыстық топтың Қазақстанға жалған құжаттарды пайдалана отырып есепке қойылған заңсыз 45 жүк көлігі мен тіркеме кіргізілгендігі анықталды. Бұл мемлекетке 180 миллион теңге сомасына төленбеген кедендік төлемдер, сондай-ақ 205 миллион теңге сомасына тіркеу төлемдерін төлемеу түрінде залал келтірді”, – делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары сотқа жолданды. Тергеп-тексеру жалғасуда, өзге ақпарат ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық контрабанда үшін заңмен жауапкершілік көзделгендігін ескертеді.
Бұған дейін Қазақстанда соңғы алты айда 36 қаржы пирамидасы анықталған еді.
Талқылау
                            
                        
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен
            
                    
                
Халық елде жұмыс, үкімет 500 мыңға жұмыс істейтін адам жоқ дейді. Елде жоғары айлықты кімдер алады?
Жастар кеңседе отырғысы келеді, қол жұмысынан қашады