Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарға патриоттық сезімін білдіру үшін еліміздің туын қолдануға рұқсат берді

Өзге ұлттардың туын қолданған жағдайда да Қазақстанның туын қатар алып жүру міндеттелді.

Қазақстандықтарға патриоттық сезімін білдіру үшін еліміздің туын қолдануға рұқсат берді

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің “Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің” төраға орынбасары Василий Порубаймех жұма күнгі баспасөз мәслихатында хабарлады.

Жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға патриоттық сезімін білдіру, еліміздің жетістіктерін қолдау мақсатында көпшілік арасында, іс-шараларда немесе жалғыз жүріп те ҚР Мемлекеттік Туын қолдана алады, – деп хабарлады.

Сондай-ақ, өзге ұлттардың туын қолданған жағдайда да Қазақстанның туын қатар алып жүру міндеттелді. Яғни, жаңа заң негізінде “Өзге ұлттардың туы тек Қазақстанның Туымен бірге қолданылуы тиіс. Қай жерде болмасын, қандай да ір ұлттың туы көрсетілген жерде еліміздің Туы бірге көрсетілуі керек”.

“Бұл біздің жеріміз, біздің мемлекетіміз, сондықтан Қазақстан аумағында мМемлекеттік ту да бөлек жүрмеуі тиіс”, -деп жалғады ол сөзін.

Талқылау