Қазақстандықтарға күнәсін кешірген атышулы 5 оқиға
Елімізде заңды бұзса да, жазасыз қалған қанды оқиғалар көп. Мұның барлығы тәртіп сақшыларының қауқарсыздығынан емес, екі тараптың татуласуымен болған оқиғалар. Stan.kz кезекті материалында қазақстандық қылмыскерлерге кешірім берілген атышулы оқиғаларды топтастырды.
Шымкентте әке өзінің ұлын өлтірген қылмыскерді кешірді
2009 жылы Қалың Бақтиярұлын Шымкент оқу орындарының бірінде білім алып жатқан оқушылар ұрып-соғып, тонап кетеді. Осыдан кейін ол достарын жинап, өзін жәбірлегендерден кек алмақ болады. Жастар арасындағы қақтығыс кезінде 18 жастағы Шақұр Ишанға оқ тиіп, оқиға орнында қайтыс болады. Қылмыскер тәртіп сақшыларынан қашып жүрсе де, 6 жыл бойы әлгі жігіттің ата-анасына ақша жіберіп тұрған. Шымкент соты оның бұл әрекетіне қарамастан, 10 жылға бас бостандығынан айырады. Соңында Шақұр Ишанның әкесі оны кешіріп, заң өкілдерінен қылмыскердің үстінен іс қозғамауды сұрайды.
Көңілдесі өзін өлтірмек болған әкімді кешірді
2014 жылы бұрынғы әкімнің көңілдесі одан қыз туған. Әйел шенеуніктен өзінің баласын ресми мойындауды сұраған екен. Мойындамаған жағдайда, ара-қатынастары туралы жұртқа жаятынын айтып қорқытқан. Серікқалиев сескеніп, әлгі әйелді жендеттерге өлтіртпек болады. Бұл үшін 500 мың теңге ақша ұсынады.
Жүргізуші әкімнің бұл ұсынысына келісіп, әйелді пышақтайды. Артынша ұялы телефонын тартып алады. Әйел жұртты көмекке шақырып үлгергендіктен, жендет өз жұмысын аяғына дейін жеткізе алмай қалады. Ауданаралық арнайы сот Серікқалиевті 11 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Алайда әйел сот отырысы барысында бұл үкіммен толықтай келіспейтінін айтады. “Ол кінәлі емес, мен мұны нақты білемін”, – дейді әйел.
Батыс Қазақстан облысының апелляциалық коллегиясы Теректі ауданының экс әкімі Жеңіс Серікқалиевке қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Мұнымен қатар, оның жақтастары Арман Қожамұратов пен жүргізуші Бейімбет Исмағамбетовтың да шағымдары қаралмайтын болды.
“Апелляциялық шағымында Сәлімгерейева Серікқалиевпен жақсы қарым-қатынаста болғанын, қыздарын осы күнге дейін бірге тәрбиелеп келгенін айтты. Мұның барлығы СМС-хатпен расталды. Мұнымен қатар, жәбірленуші көңілдесінен материалдық көмек сұрамағанын тілге тиек етті. Яғни Серікқалиевтің оны өлтіруіне еш себеп жоқ”, – дейді сот төрағасы Мейрамбек Нағашбаев. Нәтижесінде апелляциялық коллегия үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Баян Мақсатқызы күйеуіне қатысты шешімін өзгертті
10 маусымда Баян Есентаева пышақ жарақатымен ауруханаға түскен еді. Қылмыс жасады деген күдікпен оның күйеуі Бақытбек Есентаев ұсталған. Бұдан бұрын оған “Денсаулыққа ауыр зиян тигізу” деп аталатын ҚК-тің 106-бабы бойынша айып тағылған болатын. Содан кейін бұл бап “Адам өлтіруге оқталу” деген анағұрлым ауыр бапқа өзертілді. Ал 14 қыркүйекте Алматы облысының аудандық сотында танымал продюсерді қатыгездікпен соққыға жығу туралы іс бойынша процесс басталды.
Бақытбек Есентаев өз жұбайын өлтіруге оқталды және зорлады деп айыпталды. Күні кеше тағы да сот отырысы өтіп, Баян Есентаева өзінің бұрынғы күйеуіне кешірім берді. Кешірім беруінің себебін былай түсіндірді: “Мен оны кешірдім, бұл менің шешімім. Мен бұл бетті парақтап болдым, өмірім әрі қарай жалғасады. Менің балаларымның әкесі бар, ал өзім өз бақытымды іздеймін”. Алайда сот іс Бақытбек Есентаевтің ауыр қылмыс жасағаны үшін қозғалғандықтан, ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылмайды.
Бойжеткен 15 жылдан кейін өзін зорлаған азаматқа үйленді
Бауыржан есімді азамат тікелей эфирге хабарласып, 18 жыл бұрын бір қызды зорлағанын айтты. Осы оқиғадан кейін азаматтың баласы шетінеп, ата-анасы қайтыс болады. Өзі ішімдікке салынып, өмірімен қош айтысуға бел буады. Алайда түсінде әлгі қызды көріп, артынша 2 жыл сегіз ай бойы оны іздейді. Тапқан соң кешірім сұрап, тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасайды. Дәл қазір отбасының бір ұлы мен егіз қызы бар. Сөз соңында Бауыржан жұртқа жасаған жамандықтың өзіңе міндетті түрде қайтып келетінін айтты.
Құралай есімді ару осы уақыт ішінде ешкімге үйленбеген. Осы оқиғадан кейін баласын алдырмай, ауылға қайтып кеткен. Бірақ бала туралы Бауыржанға тіс жармаған. Тіпті өзі туралы естіртпеуге тырысқан. Алайда 15 жыл өткен соң, ол Бауыржанды кешіріп, отбасын құруға келісімін береді.
Кісі өлтірген Үсенов әкімшілік жазамен шектелді
Алматы тұрғыны Мақсат Үсенов 2013 жылы мас күйінде көлік айдап, 6 адамды қағып кеткен болатын. Одан бір жігіт қаза тапты. Екінші рет Мақсат Үсенов тізгіндеген көлік Тойота көлігімен соқтығысып, 38 жастағы келіншектің денсаулығына зақым келтірген болатын. Екі жағдайда да Үсенов тараптардың кешірімін алып, әкімшілік жазамен шектелді. BMW 23 көлігі қағып қайтыс болған Мұрат Қарабалиннің туыстары Үсеновке кешірім берген.
“Білесіздер ме, Үсеновтің теріс және оң жақтары да бар. Теріс жағы оның істеген ісі. Сол уақытта біз, құқық қорғау органдары халыққа дұрыс түсіндіре алмадық. Сондықтан әлеуметтік желіде адамдар талқылай бастады. Қарапайым түрде ғана түсіндіру керек еді. Үсенов төрт түрлі құқық бұзды. Біріншісі қылмыстық, үшеуі әкімшілік. ҚР-ның қолданыстағы қылмыстық кодексіне сәйкес, егер кінәлі және зардап шегуші тарап татуласса, онда прокурор да, сотта, ешкімде оны жоя алмайтындығын айту қажет еді. Бұл екі тараптың бұған дейінгі құқығы еді. Оны олар пайдаланды. Мұнда ешқандай жемқорлық әрекет жоқ”, – деді Бас прокурор.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстандық әже туған немерелерін тегін қараудан бас тартты
22 жастағы алматылық ару қалталы азамат іздейтінін айтып өзін саудаға шығарды (фото)
Ағылшын жігіті қырғыз қызына қол жеткізу үшін ислам дінін қабылдап, қалыңмал төлеген
Сирияның бұрынғы министрінің немересі сән-салтанатқа толы өмір сүруде (фото)