Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар аптаған ыстықта адамдарды тегін тасуға шақырылды

Атыраулық көлік жүргізушілері аптаған ыстықта адамдарды тегін тасуға кірісті. Мұндай игі іске халықты қала тұрғыны Ерлан Күмісқалиев жұмылдырды.

19702026_1510879052292340_5831293155326317041_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

 

«Бәрінен бұрын жол бойында тұрған адамдар ыстықтан зардап шегуде. Кеше аптаған ыстықта автобус күтіп тұрған көптеген адамдарды көрдім. Көлеңкенің өзінде 40, ал ашық жерлерде 50 градус ыстық болды. Күтіп тұрғандардың арасында балалар да, қариялар да бар. Ал көшеде қаншама көлік бос кетіп барады. Бір-бірімізге көмектесейікші. Ең құрығанда, жолыңыз түскен жаққа баратын жандарды ала кетіңіз», – деп жазды Ерлан Күмісқалиев есімді қолданушы Facebook-тегі парақшасында.

Аталған жазбаны 260 адам бөліскен. Автокөлік жүргізушілерінің Ерланның бастамасын қолдағаны әлеуметтік желіден белгілі болды.

Айта кетейік, Атырауда қатты ыстықта адамдарға абай болу жөнінде ескерту жасалды. Синоптиктердің болжамынша, әлі бірнеше күн аймақтағы ауа температурасы 39-42 градус көлемінде болмақ.

Жіберіп алмаңыз:

Қостанайда 8 жасар бала жоғалып кетті

Астанада бір күнде 40 жұп шаңырақ көтерді (видео)

Есімін елбасының құрметіне қойған Нұрәбіназға имамдар атын ауыстыруға кеңес берген

Павлодарда қарапайым отбасы бес ағайынды баланы асырап алды

Талқылау