Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар сәбиді аяусыз ұрып-соққан әйелді тауып, жазалауды сұрап отыр

Желіде сәбиді аяусыз ұрып-соққан әйелдің видеосы пайда болды. Видео кадрларынан әйелдің  кішкентай баланы теуіп, қабырғаға алып соққаны байқалады. Өз кезегінде қазақстандықтар видеодағы әйелді тауып, жазалауды сұрап отыр.

Қазақстандықтар сәбиді аяусыз ұрып-соққан әйелді тауып, жазалауды сұрап отыр

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Видеоны көрген желі қолданушыларының көпшілігі сәбиді ұрып-соққан әйелмен қатар, оқиғаны видеоға түсіріп тұрған ер адамды да жазаға тартуды сұрады. Кейбірі аталған видеоны өшіруді сұраса, енді бірі видеодағы сәби емес, қуыршақ екеніне сенімді.

Ал видеоға баға берген видеоинженер Наталья Заяцтың сөзінше, видеодағы сәби емес, қуыршақ болуы мүмкін.

«Сырт көзге, шынымен де, сәбиді ұрып жатқандай көрінеді. Себебі дыбыстарға қарағанда, жақындату, өшіру бар. Салдарынан миымыз оны шындық ретінде қабылдайды. Адамды ұрған кезде, дыбыс үзілуі керек. Бұл табиғи процесс. Баланы алып бара жатқанда, оны жерге етпетініен жатқызғанда дыбыстың өзгермеуі шынайы емес. Ол дәл солай шыңғырғанымен, қозғалмайды», – дейді видеинженер Наталья Заяц.

Алайда видеоны тоқтатқанда, кадрларынан баланың денесіндегі көгеріп қалған тәрізді дақтарды көруге болады. Алайда маманның болжамынша, бұл тек көлеңкенің әсері.

Ал аталған видеоны көрген дәрігерлер біржақты жауап бере алмады. Бір жағынан, бала қалай да болсын қарсы әрекет жасауы керек, ал екінші жағынан, видеодағы қуыршақ – тым шынайы.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Алматы облысында бала күтуші 3 жасар сәбиді әбден мазақ қылған.

Талқылау