Қазақстандықтар Головкиннің жекпе-жегін көре алатын болды
Генадий Головкиннің жекпе-жегін трансляциялау туралы алдын ала уағдаластыққа қол жеткізілді, деп хабарлады «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасы Ерлан Қарин.
Бұл туралы Ерлан Қарин өзінің Инстаграм парақшасында жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
«Біздің жанкүйерлер ертең, 6 мамыр күні, “Qazaqstan” және “Qazsport” телеарналарынан Головкиннің жекпе-жегін көре алады. Жекпе-жектің басталуы сағат 07:00-де. Ал, жекпе-жектің алдында сағат 06:30-да студияға Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев келіп, комментаторлармен бірге алдыңғы жекпе-жек туралы ойларымен бөлісіп және алдағы жекпе-жекке байланысты болжам жасайтын болады. Ал, трансляциядан кейін, Головкиннің жекпе-жегі туралы сараптамалық бағдарлама шығатын болады»,- деп жазды Ерлан Қарин Инстаграм парақшасында.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық телеарналарда Головкин мен Мартиросянның жекпе-жегі көрсетілмейтіні хабарланған болатын. Сондай-ақ, отандасымыздың жекпе-жегін 151 елдің көрермендері тамашалай алады.
Тағы оқыңыз:
Алматыда үш әйелді өлтірген қанішердің ісіне қатысты сот үкімі шықты
Ақтауға бағыт алған SCAT ұшағы Шымкентке қонуға мәжбүр болды
ШҚО-да тоңазытқыштан шыққан өрттің салдарынан 82 жастағы зейнеткер көз жұмды