Қазақстандықтар балаларының Прагада таяқ жегенін хабарлады
Прагада қазақстандық мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастырғаны үшін Unischool тіл мектебінің қызметкерлері жазалауға ұшыраған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Маржан Байболова Фейсбук желісінде жазба қалдырып, онда балалардың тұрған жерлерінің суретке сай келмейтінін, оларды бақылау болмағанын және балалардың тіл курстарына қатыспағанын мәлімдеді.
“Тамақтары біркелкі болған, мәселен, таңғы асқа жұмыртқа, бекон, шырынды сусын. Түскі асты мүлде ішпеген. Кешкі асты да кім үлгерді, сол ішкен. Ал ең сорақысы олар ақша мен қымбат заттарынан айырылып, түрлі бопсалауға тап болып, таяқ та жеген”, – деп жазады ол.
Ата-аналардың айтуынша, бөтен адамдар балаларға қысым көрсеткен. Ал Unischool әкімшілігі болса бұл туралы полицияға хабар бермей, мәселені өздері шешетінін айтыпты.
“Аталған мектепке біз сұрау жіберіп, мектеп ішінде қызметтік тексеріс жасалған. Осы сапарға жауапты болған адамдар жазаланыпты. Бірақ, бұл мәселені шешудің жолы емес. Түйткіл әлі сол қалпында қалып отыр. Аталған мектептің ақпаратынша, мәселеге енді ІІМ араласуы мүмкін. Яғни, бұл мектептің құзіретіндегі шаруа емес. Егер адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төнсе, ол шаруамен құқық қорғау органдары айналысуы тиіс”, – дейді ҚР БҒМ жауапты хатшысы Арын Өрсариев.
Осылайша ол жекелеген мектептердің шетелге оқушыларды алып шығуына министрлік араласа бермейді дейді. Айтуынша, мұндай жағдай кезінде ата-аналар жағдайға мейлінше мән беріп, бақылауда ұстаулары тиіс.
Оқи отырыңыз:
Қазақстандықтардың банктегі есепшоты мен карталарына жаңа вирус тарап жатыр
Алматыда 2 жасар бүлдіршін екі күннен бері іздестіріліп жатыр
Қазақ азаматы АҚШ-тың әйгілі ғарыш агенттігі NASA-да жұмыс істейді
Алматы тұрғыны үйінде арзан виски мен коньякты араластырып құны қымбат ішімдік әзірлеп сатқан