Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар “Әлем аруы” қатысушысы Дарина Құлсейітованы “толық” деп бағалады (фото)

19 жастағы Қазақстан аруы Дарина Құлсейітова «Әлем аруы» байқауының ақтық кезеңінде сүрініп қалды. Ол үздік 10-дықтың қатарына кіре алмады.

darina3001-2

darina3001

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қазақстандық Дарина Құлсейітова байқау барысында ұлттық нақыштағы киім (авт. Аида Кауменова), кешкі көйлек пен су киімін көрсетті. Бойжеткенді жартылай жалаңаш күйде көрген қазақстандықтар оны тым “толық” деп тапты.

20170127015310

Көпшілік оны Қазақстанның атынан әлемдік сұлулық байқауына жіберген әділ-қазылар алқасына ұрсып тастады.

“Онша емес”, “Сұмдық”, “Толықтау, мойны да қысқа, біздің әділ-қазылар қалайша оны таңдады екен?” “Кішкене арықтау, иығы дұрыстау, мойны бар қыз табылмады ма?” “Сүйкімді, бірақ әлем аруына кішкене толықтау”, “Су киімінің басқа түсін таңдау керек еді, мынауы денесімен бірдей болып тұр”, – дейді желі оқырмандары.

vecherneeplate

darina3001-3

Байқаудың ресми сайтында хабарланғандай, қазіргі уақытта Филиппин астанасы Маниледе сұлулық байқауының шешуші кезеңі өз жалғасын табуда. Дарина ақтық кезеңге жолдама ала алмаса да, оның көрермен көзайымы атануға толық мүмкіншілігі бар. Ал әділ-қазылар алқасын тәнті еткен ең алғашқы 9 ару анықталып қойды. Ұйымдастырушылардың пайымдауынша, ақтық мәреге 11 қыз өтетін болады. Ал олардың біреуі көрермендердің дауыс беруі арқылы анықталады. Жеңімпаздың есімі 30 қаңтар күні белгілі болмақ.

Дарина Семейдегі қаржы-экономикалық колледжінің 3-курс студенті болып табылады.

Жіберіп алмаңыз:

Жалғыз қазақ: Торғайлық ақын тағы да Димашқа өлең арнады (фото)

Асхат Садырбай: Хайуан екеш xайуан да өз ана тілінде сөйлейді

Димаш Құдайбергенов Универсиаданың ашылуында опера әншісімен ән айтты (видео)

Қуан қазақ! Димаш ұлың тағы да жеңіске жетті (фото, видео)

Талқылау