Қазақстандық жұлдыздар туған сіңлілеріне қаншалықты ұқсайды?
Ағасы бардың, жағасы бар демекші, өнер әлемінде туысқан жұлдыздар көп-ақ. Оларды бір көргеннен-ақ жақын бір ана мен бір әкеден туғанын байқауға болады. Бір қызығы, бір-біріне мүлдем ұқсамайтын әпкелі-сіңлілер де бар. Жұлдыздардың біртуғандарына қаншалықты ұқсайтынын бірге анықтап көрейік.
Халық Кәмшат Жолдыбаеваны жақсы таныса да, туған сіңлісі Алтынай туралы көп біле бермейді. Алтынай ән айтпаса да, бір кісідейін театр сахнасында жұртты өнерімен тамсандыра біледі. 2015 жылы “Адасқандар” телехикаясында басты рөлді сомдады. Бастапқыда бұл рөлге Кәмшат Жолдыбаеваны шақырған екен. Әншінің түсірілімнен қолы босамағандықтан, рөл сіңлісіне бұйырған.
Әпкелі-сіңлілі Жолдыбаевалар түсірілім алаңына да, жаттығу залына да бірге барғанды жөн көреді. Әдетте Алтынай әпкесін бояндыруға көмектеседі.
Найля Заитова мен Іңкәр Ерлан
Зайытова “КешYou” құрамынан кеткен соң сіңлісімен бірігіп “Lila” тобын құрған болатын. Ал аталған топқа Әділ Лиян жетекшілік еткен. Ол қос арудың продюсері ғана емес, туысқан ағасы болып келеді.
Құралай мен Мерей Нұрқаділовалар (әкелері бір)
Құралай Нұрқаділова елімізге танымал сәнгер әрі суретші. Өзіне тиесілі “Құралай” атты сән үйі бар. Kazakhstan Fashion Week және Мәскеу мен Екатеринбург қалаларында өтетін сән апталығының тұрақты қатысушысы. Ал Мерей Нұрқаділова әнші Мақпал Жүнісова мен Заманбек Нұрқаділовтың қызы. Аналары бөлек болғанымен, екеуінің әкесі бір.
Айда мен Жәния Джуринская
Актриса Жәния Джуринская сіңлісінен небәрі бірнеше жасқа үлкен болса да, оның бала көретіндігін айтқан болатын. Джуринскаяның сіңлісі өзінің “JD” атты сұлулық салонында жұмыс істейді.
Бағым Мухиденова мен Баян Есентаева
Халық Бағымға қарағанда, Баян Есентаеваның жас көрінетінін жиі айтады. Екеуі де “Шайн продакшн” компаниясында қызмет істеп, жұлдыздарды үлкен сахнаға әзірлейді. 2016 жылдың күз айында аталған компанияны Астана қаласына көшіріп, еліміздің бас қаласында шәкірт тәрбиелеуді қолға алып жатыр.
Аша Матай, Айару Бақытбек пен Айсәуле Бақытбек
Баян Есентаеваның үлкен қызы қазіргі таңда шетелде білім алып жатыр. Болашақта анасы секілді танымал адам болмаса да, журналистика саласында мықты маман болғысы келетінін жиі айтады. Ал үш жасынан ернін қызыл далаппен бояғанды ұнататын Айару әлемдік деңгейдегі сән көрсетілімдеріне қатысып үлгерген. Ал тележүргізуші, актриса әрі әнші Аша Матай 2015 жылы Арман Қоңырбаевқа тұрмысқа шыққан болатын. Бойжеткен бірнеше фильмнен бой көрсетіп, сәнді киімдер жарнамасына түсті. Аша Айару мен Айсәуленің туған бөлесі.
Қымбат пен Қарақат Әбілдиналар
Қымбат Әбілдина – алғаш 2000 жылдың күзінде шығарыла бастаған республикалық “Айгөлек” журналының бас редакторы. Көпбалалы отбасында дүниеге келген Қарақат Әбілдина эстрадамыздың белгілі әншісі, дәстүрлі өнердің насихаттаушысы.
Лидия Кәден мен Лидо Досалина
Лидия Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы. Ал Лидо әнші әрі сәнбике. Мұнымен қатар, сәнгерлікпен айналысып, маусым сайын киімдер топтамасын шығарып отырады. Әпкелі-сіңлілер ән байқауына қатысып, бірігіп дуэт құрған болатын.
Айша Байбосынова “Дауыс International “ тобының солисі. Ал әншінің әпкесі Ғалия Байбосынова продюсер әрі қоюшы режиссер.
Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық жұлдыздар мен олардың туған бауырлары туралы жазған болатынбыз.