Қазақстандық жұлдыздар қандай көлік мінеді
Эстрада жұлдыздарының өмірі әрдайым жұрттың назарында. Осыған орай, олар сырт келбеттерін ретке келтіріп қана қоймай, қымбат киім киіп, бағалы көлік мінуге тырысады. Кей әнші тіпті сырт көз үшін ғана жанармайы қымбат көлік тізгіндеп жүргенін айтады.
Бұл туралы 31 арнаның “Жұлдыздар жарқырайды” бағдарламасында айтылды.
Шаһизада: Land Cruiser әйел адамдар үшін өте ыңғайлы көлік. Жеті жыл бұрын туған күніме жолдасым сыйлаған болатын. Оның алдында да тура осындай көлігім болды. Өз басым ақ көлік мінгенді ұнатамын. Ең бірінші Жигули, кейін Kia, джип, Toyota Carina E, Suzuki, Alteima сынды көліктер міндім.
Тұңғышбай Жаманқұлов: Менікі әшейін Land Cruiser көлігі ғой. Әр он жыл сайын осымен үш көлік ауыстырдым. Елуімде бір, алпысымда бір сыйлады. Енді жетпісімде сыйлап қалар деген үмітім бар. Әдетте ел-жұрт, ағайын-туыс, әкімшілік қызметкерлері сыйлап жатады. Джиптан өзгесіне екі бүктеліп сыймаймын.
Бүгінде Айқын Төлепберген Land Cruiser көлігін тізгіндеген.
Ал Бағдат Сәмединова, Мәдина Сәдуақасова, Нұржан Керменбаев және Еркін Мәулен сынды әншілер Lexus мінеді екен.
Нұрлан Абдуллин мен Мұқасан Шахзодаев Range Rover көлігін мініп жүр.
Мұқасан Шахзодаев: Range Rover көлігін шетелде “патшалар мінетін көлік” деп бағалайды. Яғни бұл көлікті көбінесе патшаның отбасы мінеді. Мұны мінгеніме биыл үш жыл толды. Бірақ тфәй-тфәй жап-жаңа. Техникалық жағынан да қатты мән беремін, еш ақау жоқ. Атағынан ат үркитін көлік деп те қалжыңдап жатады ғой. Ең таңдаулы бренд десек те болады.
Бейбіт Сейдуалиеваның бүгінде жолдасы тарту еткен қызыл көлігі бар. Ал сенімді ақпарат көздері Тоқтар Серіковтың бір басында 8 темір тұлпары бар екенін растаған.
Қанат Үмбетов: 2007 жылғы Infiniti FX 335 мінгеніме 7-8 ай болды. Шамамен осы күнге дейін 11-12 көлік ауыстырдым. Өнер жұлдыздарының арасында көптеген ағамыз жақсы көліктер мінеді ғой. Мысалы, Мейрамбек, Сәкен, Тоқтар ағаларамыздың көлігіне қашан мінсеңіздер де, бір мін таппайсыз.
Мақпал Жүнісова: Мен жанармайы қымбат Mercedes-Benz C-Класс деген көлік мініп жүрмін. Бұл көлікпен жүрсеңіз, екі-үш күннің бірінде 10 мың теңгеге жанармай құюыңыз керек. Мерейге жанармайды аз жейтін көлік алып беріп қойдым. Өзім сорлы болмайын деп осы көлікті мініп жүрмін. Мұны көкелеріміз қосылып алып берген.
Жүргізушім қазақ концертте 8 жылдан астам уақыт жұмыс жасаған. Бір кездері Роза Бағланова апамызды тасыған. Бүкіл Қазақстанның жолын жақсы біледі. Менің жүргізушіге қояр өзіндік талаптарым бар. Біріншіден, жұмыс кезінде арақ ішпеуі керек. Әрине, арақты бәрі ішеді, десе де, жұмыс уақытында аузынан алкогольдің иісі шықпауы керек. Жол ережесін бұзбай, таза киім киюінің де маңызы зор. Ал үстіне киім-кешек алуға өзім көмектесіп отырамын.
Он жылдық мерейтойларында Мейрамбек Беспаев BMW, ал Сәкен Майғазиев мен Кенжебек Жанәбілов Lexus маркалы көлік мінген болатын. Араға бес жыл салып, Кенжебек аталған көлігін аппақ джипке айырбастаған.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстандық жұлдыздар арасында жаңа сән: Prisma суреттер
Қазақстандық жұлдыздар өздерінің енелері туралы айтып берді