Қазақстандық велосипедші қыз жарыс кезінде қайтыс болды
Қазақстандық велосипедші Дана Ахметова есін жимастан көз жұмды.
Қазақстан велосипед спортының федерациясы таратқан ақпаратқа сәйкес, 17 жастағы спортшы Алматыда өтіп жатқан IV спорттық ойындар жарысында есінен танып құлаған.
Спортшыны №7 ауруханаға алып келген, алайда ол есін жимастан қайтыс болды.
«Дана Ахметова өте дарынды спортшы болатын. Жарыстарда жеңіске деген ұмтылысы ерекше еді. Маусым басталғалы бері Жастар ойындарының шосседегі сайысында – күміс, тректегі сайыста – 2 қола медалін иемденген болатын. Оның қазасы барлық велоқауымдастық мүшелері үшін ауыр қайғы болып отыр. Оның отбасына қайғырып көңіл айтамыз», – деді Қазақстан велосипед спортының Федерациясынан.
Дана Ахметова Солтүстік Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында білім алған.
Қазақстан Республикасының спорт шебері 2016 жылдан бастап Олимпиялық дайындық орталығының спортшылары тізіміне алынған.
Тағы да оқыңыз:
Альварес: Жекпе-жек 12 раунд болмайды, Головкинді сөзсіз нокаутқа түсірем
Қазақтардың кезінде қалмақ қыздарына таласқаны рас па?
Бойжеткен бейнеролик түсіру кезінде абайсызда өз жігітін атып өлтірді