Қазақстандық сәнбике Miss FashionTV-2016 байқауына қатысып жатыр (фото)
2012 жылы Miss FTV Kazakhstan байқауының жеңімпазы атанған Карина Шмайхель аталған байқауға тағы да қатысып отыр. Сәнбике көпшіліктен өзіне қолдау көрсетіп, дауыс беруді сұрады.
Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.
Сән әлеміне енді ғана қадам басып жатқан көптеген бойжеткеннің кумиріне айналған Карина әрдайым әлемдік деңгейдегі журналдардың мұқабасында жүреді. Танымал косметикалық маркалардың таныстырушысы болып, сән әлеміндегі барлық дерлік шараға қатысады.
Сәнбике бүгін де әлемдік деңгейде өтіп жатқан “Miss FashionTV-2016” байқауына қатысып жатыр. Осыған орай, ол көпшіліктен өзіне қолдау көрсетуді сұрады.
“Баршаңызға жалынды сәлем! Финалы мамыр айының соңында өтетін “Miss FashionTV 2016” байқауына қатысып жатырмын. Бос уақыттарыңызда міндетті түрде маған немесе менің қарсыластарыма дауыс берсеңіздер деген тілегім бар. Әркім VOTE батырмасын басу арқылы өз атынан 20 дауыс бере алады. Дауыс беру күнде сағат сайын жүргізіледі. Маған берілген әр дауыс үшін сіздерге ризашылығымды білдіремін”, – деп Карина Шмайхель көпшіліктен әлемдік деңгейдегі байқауға атсалысуды сұрады.
Шмайхельдің сән әлемінде жүріп тәжірибе жинағанына биыл 9 жыл толып отыр. Көпшілік оның мінезді адам екенін жасырмайды.
Оқи отырыңыз:
Сәнбике Аружан Жазылбекова подиумде бірнеше рет құлай жаздаған
Алматыда бет әрлеушілер сайысы өтті (фото)
Иранда модель хиджабсыз суретін Инстаграмға жариялағаны үшін тұтқындалды
Тайландтық модель силиконнан жасалған төсті қалай ажыратуға болатынын көрсетті (видео,фото)