Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Психолог еркектердің не себепті көңілдес іздейтінін ашып айтты

Күйеуінің көңілдесі барын білген қазақстандық әйел жұрттан кеңес сұрады. Ол күйеуін кешіргенімен, әлі күнге дейін сенбей жүр екен. Осыған орай, қазақстандық психолог Марал Сарбасқызы да пікірін бөлісті.

wet-girl-1390625_960_720

Бұл туралы Қазақстан арнасының “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

Қазақстандық әйел “Үшбу хат” айдарына хат жазған екен. Аталған хатта күйеуінің көңілдесінің бар екені туралы баяндаған. Күйеуі өзінің қателескенін түсініп, одан кешірім де сұраған. Осы оқиғадан кейін біраз уақыт өткен. Алайда әйел әлі күнге дейін күйеуіне толықтай сене алмай жүр екен. Осыған орай, ол жұрттан кеңес сұрады. Ал хаттың мазмұны төмендегідей.

“Соңғы кезде басым қатып жүр. Тұрмысқа шыққаныма 10 жыл болды. Өзім мұғаліммін. Азаматым екеуіміздің екі ұл, бір қызымыз бар. Енді күйеуімнің жұмысына келейін. Ауылда жұмыс жоқ. Ол қала мен ауыл ортасында таксист. Осыдан 3 жыл бұрын мен оны басқа қызбен ұстап алдым. Өзі екі телефон ұстайтын. Біреуіне клиенттар хабарласатын. Мән бермей жүре бердім. Үйге 3-4 күнде бір рет келеді. Киімдерін ауыстырып, жуынып-шайынып кетеді. Көп мазасын алмаймын. Кешке дейін көлікпен шаршап жүр ғой деп асты-үстіне түстім. Солай сеніп жүрген күйеуімнің көңілдесі бар болып шыққанына таңғалдым. Бірде ұялы телефонын үйде ұмытып кетіпті. Түнде оған смс-хаттар келе бастады.

“Не істеп жатырсың? Қашан кездесеміз?” деген сөздерді көрген кезде қол-аяғым дірілдеп, нөмірдің иесіне хабарластым. “Ол ажырасып кеткен. Балаларым үшін үйге барып тұрамын” деп айтқан деп өзімді қатырды. Содан не керек, ертесі күйеуімді, ата-енемді шақырып сөйлестік. Ол өзінің қателігін мойындап, түсінгендей болды. Үйден кетпек болған едім, енді олай ешқашан болмайтынын айтып мені жібермей қойды. Ал енді күйеуіме онша сенбеймін. Айтыңыздаршы, сенімсіздікпен өмір сүруге бола ма? Көңілім қалғаны сонша, істеген ісі, айтқан сөзі де өтірік сияқты болып тұрады. Қазір қайтадан күдіктеніп жүрмін. Көп келмейді үйге. Келсе де, ашылып әңгіме айтпайды. Не істерімді білмеймін”, – дейді хаттың иесі.

Әлем ғалымдарының зерттеуіне сүйенсек, ер азаматтардың 57%-ының, ал келіншектердің 40%-ының көңілдесі бар. Бұл көрсеткіштің шындыққа жанасатынын Марал Сарбасқызы да растап отыр.

“Бұл – шындық. Кеңеске келетіндердің 60%-ының көңілдесі, басқа қызы, әйелі бар. Олардың арасында “басқа еркекпен кездесіп жүрмін”, “өзге жігітті сүйіп қалдым” дейтін де тұрмыстағы қыз-келіншектер жетерлік. Біз қоғамға мұндай мәселе елімізде жоқ деп айтсақ та, ол жоғалып кетпейді. Дұрысында, көңілдес дегеннің кім екенін ашық түсіндіріп көрейін. Бәлкім халық түсінсе, қандай да бір іс-әрекетті таразылап өлшер. Көңілдес – отбасы немесе екінші жартысы бар адаммен уақытша көңіл қосатын адам. Адам қай уақытта көңілдес іздейді?

Эмоционалдық ара-қашықтық бұзылған кезде. Әдетте жұбайлар отбасын жаңадан құрған кезде көңілдес іздемейді. Отбасындағы эмоционалдық қарым-қатынас белгілі бір этаптардан өтіп, әйел ер-азаматын өзіне тым жақын ұстайды. Ара-қашықтық тым жақын болған кезде іс-әрекетті өлшеу қиынға соғады. Әдетте әйелдер ер азаматының қадамын өлшейді, бақылайды, бағалайды. “Қайда барасың?” деп барлығын сұрап отырады. Тежеу-шектеу қояды. Мұндайдан кейін еркек еркіндікке шығуға тырысады. Бейсаналы түрде “Мені босатшы” дейді. Ал әйел адам мұндай өтінішті түсіне бермейді. Дәл қазір мен бұл мысалдарды әйел затына қатыстырып айтып жатырмын.

Бұдан кейін еркек үйде жоқ нәрсені сырттан іздей бастайды. Ал көңілдеспен эмоционалдық қарым-қатынас өте алшақ болады. Себебі, бұл қарым-қатынас уақытша, екеуінің арасындағы жауапкершілік те аз. Оның үстіне бұл еркекке де көңілдесіне де тиімді. Яғни жұбайлардың біреуі көңілдес іздеп кетпеуі үшін эмоционалдық қарым-қатынас жақын болмауы тиіс. Тым жақын болған кезде ғашықтар бір-бірінен шаршайды. Іс-әрекетті өлшей алмайды. Өлшем жоқ жерде амал-әрекеттер де қате болады. Дәл осы жағдай керісінше болуы мүмкін. Бірақ ер-азаматтардың тарапынан бақылау әйелдерге қарағанда аз. Өйткені оларда аналық инстинкт жоқ”, – дейді психолог Марал Сарбасқызы.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық психолог секс туралы балаларға ерте жастан айтпауға кеңес берді

Қазақстан мен қазақстандықтардан көңілі қалған туристер: 4 оқиға

Қазақстандық әйел туған қыздарын зорлап келген күйеуі туралы айтты

“Генерал келін” енесін жаңа түскен абысынынан қызғанып жүр

Талқылау